ТРТ Радио

Радио

Ғылыми және технологиялық жетістіктердің елімізге кеш келгенін айтып, өкінеміз кейде. Радио трансляциясы тұрғысынан жағдай керісінше. 1927 жылдың 6 мамыр күні әлеммен бір уақытта басталады түрік қоғамының радио серуені. 1964 жылы 1 мамыр күні TRT-нің құрылуымен жаңа өріс алады.  Бүгінгі күні TRT радиолары 5 ұлттық, 5 аймақтық, 3 жергілікті және 5 халықаралық радио желісімен қоғамдық хабар таратушы жауапкершілігі,  бейтарап және сапалы хабар тарату түсінігі, дұрыс және тамаша түрік тілі, жаңалықтар,  мәлімет,  білім,  мәдениет,  музыка,  ойын-сауық контентімен елдің түкпір-түкпіріне үн қатуда.

TRT RADYO 1 Білім, мәдениет, жаңалықтар... Мәліметке,  білуге мұқтаж барша жан үшін... Білім,  өнер,  әдебиет,  театр,  спорт,  қоршаған орта,  экономика... Өмірдің барлық жақтары... Дұрыс,  бейтарап,  жылдам хабар тарату... Түркияның барлық жерінде,  спутниктен және интернет арқылы бүкіл әлемге... TRT Radyo 1 1927 жылдан бері радиоқабылдағыш бар барлық жерде...

 

 TRT FM  Сырласыңыз,  жолдағы досыңыз... Тікелей және белсенді хабар тарату түсінігі, сіз ұнататын әндер... Түркияның барлық жерінде,  спутниктен және интернет арқылы бүкіл әлемге... TRT FM Алыстарды жақын қылған радио...

 

TRT RADYO 3 Элвис Преслиден Джоан Баэзге, Франк Синатрадан Чайковскийге,  Моцарттан Сара Воанға дейін түрлі музыка таңдауы... Классика мен заманауидің синтезі...Түркияның барлық жерінде,  спутниктен және интернет арқылы бүкіл әлемге...

 

 

TRT NAĞME TRT мұрағатынан таңдаулы туындылар мен жаңа жазылғандар... Хорлар, тыңдарман таңдауы, тікелей эфирлерде түрік классикалық музыкасының теңдесі жоқ әуендері...Түркияның барлық жерінде,  спутниктен және интернет арқылы бүкіл әлемге...

 

TRT TÜRKÜТолғаулар,  жырлар, жоқтаулар, түрік халық әдебиетінің түрлері... Халық арасынан,  халық ақындары,  кәсіпқой группалар... Шеберден шәкіртке созылған тамырлы мұра... Түркияның барлық жерінде,  спутниктен және интернет арқылы бүкіл әлемге...

 

TRT MEMLEKETİM FMӨмірдің күлімсірететін сәттері, көш хикаялары,  жеңістің әңгімелері, еліміздің құндылықтары, әлемнің түкпір-түкпіріндегі бір-бірімізге ұқсас қалпымыз және әрине музыка... Жастар мен көңілі жастар үшін музыка мен сұхбат TRT Memleketim FM-де. TRT Memleketim FM интернетте,  спутникте және кабельде, аптаның бес күні күн сайын Түркия уақытымен сағат 09.00-18.00 арасында...Өзіңіз ұнататын бір әнді тыңдау,  сүйіктіңізге ән тарту ету немесе сезімдеріңізбен бөлісу үшін Түркияның көңілді даусы TRT Memleketim FM сізге өте жақын.

 ​

 

TRT TSR Шетелдердегі азамат пен қандастарға бағытталған 24 сағат трансляция... Ел және әлем жаңалықтары, оқиғаларға Түркияның көзқарасын білдіретін,  елімізді таныстыратын Түркия Үні Радиосы (TSR) бүгінгі күні 37 тілде жарияланады.

 

TRT ANTALYA RADYOSU 1962 жылдан бері... Жерорта теңізінің түстері,  музыкасы,  мәдениеті мен дәстүрлері... Аптаның бес күні сағат 10.00-12.00,  демалыс күндері сағат 10.00-12.30 арасында аймақтық трансляциямен Жерорта теңізінде, 13.00-ден бастап бір сағат бойы TRT Türkü желісінде,  Түркияда және әлемде...

 

 

TRT ÇUKUROVA RADYOSU 1968 жылдан бері... Тавр тауларының иісі, тұрмысы, өңірлік құндылықтары... Аптаның бес күні сағат 10.00-12.00,  демалыс күндері сағат 10.00-12.30 арасында аймақтық трансляциямен Чукуровада, 16.00-дан бастап бір сағат бойы TRT Türkü желісінде,  Түркияда және әлемде...

 

 

 

TRT GAP DİYARBAKIR RADYOSU 1964 жылдан бері... Оңтүстік Шығыс Анадолының мәдениеті,  өңірдік даусы, фольклоры.. Аптаның бес күні сағат 10.00-12.00,  демалыс күндері сағат 10.00-12.30 арасында аймақтық трансляцияменОңтүстік Шығыс Анадолыда, 15.00-тен бастап бір сағат бойы TRT Türkü желісінде,  Түркияда және әлемде...

TRT TRABZON RADYOSU 1968 жылдан бері... Жасылымен, көгімен, музыкалық аспаптарымен Қаратеңіз... Аптаның бес күні сағат 10.00-12.00,  демалыс күндері сағат 10.00-12.30 арасында аймақтық трансляцияменҚаратеңізде, 14.00-тен бастап бір сағат бойы TRT Türkü желісінде,  Түркияда және әлемде...

 

TRT ERZURUM RADYOSU 1960 жылдан бері... Халық әндері, фольклорымен Шығыс Анадолы... Аптаның бес күні сағат 10.00-12.00,  демалыс күндері сағат 10.00-12.30 арасында аймақтық трансляцияменШығыс Анадолыда, 17.00-ден бастап бір сағат бойы TRT Türkü желісінде,  Түркияда және әлемде...


 

TRT KENT RADYO ANKARA  Қалаға қатысты барлық нәрсе... Қаладан хабардар болу үшін өзіңізді Қаланың ағынына тастаңыз... TRT Kent Radyo Ankara FM 105.6 фрекансында Анкарада.

 

TRT KENT RADYO İSTANBUL Қалаға қатысты барлық нәрсе... Қаладан хабардар болу үшін өзіңізді Қаланың ағынына тастаңыз... TRT Kent Radyo İstanbul FM 106.6 фрекансында Стамбулда.

 

TRT KENT RADYO İZMİR Қалаға қатысты барлық нәрсе... Қаладан хабардар болу үшін өзіңізді Қаланың ағынына тастаңыз... TRT Kent Radyo İzmir FM 99.1 фрекансында Измирде.

 

TRT RADYO KURDΠЕліміздің бірлік пен тұтастығына үлес қосуды мақсат еткен,  заманауи хабар түсінігімен барлық жас аралығындағы тыңдарманға үн қататын күрд тіліндегі радио арнасы. 2009 жылдың 1 мамыр күні хабар тарата бастаған Radyo 6 Оңтүстік Шығыс Анадолы аймағына жетеді. Аймақ халқы мен мемлекет барасындағы байланысты күшейтіп,  Түркияның халықаралық қатынастарына да оң әсер етеді.

 

TRT RADYO HABER Елдің барлық жеріне бағытталған жаңалықтар, жаңалық бағдарламалары,  ауа райы және жол қатынасы,  мәдени және өнер шаралары... Халықтың дұрыс хабар алуы үшін дұрыс, бейтарап,  жылдам хабар тарату.