Апталық Анализ 50

​​​​​​​Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 14-ші Елшілер конференциясында маңызды баяндама жасады.

2023499
Апталық Анализ 50

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан 14-ші Елшілер конференциясында ұлттық сыртқы саясат ұстанымы және министрліктің рөлі туралы ең ауқымды баяндамалардың бірін жасады. Фидан жаһандық жүйенің күрделі және көп дағдарысты бастан кешіріп жатқанына назар аударып, қазіргі қауіп-қатерге  және жүйедегі өзгерістің  қажеттілігіне көңіл бөлді. Фидан Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында Түркияның алдыңғы қатардағы мемлекеттердің бірі ретінде жаңа халықаралық жүйені қалыптастыратындардың қатарында болатынын түсіндірді. Хакан Фидан Түрік ғасырының сыртқы саясат жоспарының   елімізді жүйе құрушы субъектілердің біріне айналдыру  екенін айтты.

Күмәнсіз Түркия жалғыз әрекет етпейді, керісінше шешімге негізделген көпжақтылықты көзқарасын ұстанады. Пандемия және Украинадағы соғыс кезінде де мықты  халықаралық байланысты қалыстастырған  басқа елдермен жұмыс істейді.

Хакан Фидан баяндамасында төрт негізгі стратегиялық мақсатты атап өтті. Фидан «Өңірімізде бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнату, сыртқы қарым-қатынастарымызды құрылымдық негізде ретке салу, өркендеу ортасын дамыту және жаһандық мақсаттарымызды алға жылжыту. Осы мақсаттарға жету үшін экономикадан қорғанысқа, энергетикадан қарым-қатынасқа дейін көптеген салаларды үйлестіру бірінші орында болады» деді. Түрік сыртқы саясатының аймақтарға, елдерге және осы мақсаттарға сәйкес мәселелерге деген көзқарасын қорытындыған Фиданның «ұлттық сыртқы саясат жоспары» әрі Ердоғанның интеграцияланған саяси түсінігімен, әрі үкіметтің 2023 жылғы сайлау манифестінің концептуализациясымен де керемет үйлеседі.

Хакан Фиданның алдағы бес жылға арналған мақсаты мен жоспары шындыққа үйлесімді және  жиырма жылдық сыртқы саясат тәжірибесіне негізделгені түсінікті. Сондай-ақ, Украина соғысы жаһандық жүйеге жаңа белгісіздіктер мен қақтығыстар әкелгені анық. Африкадағы төңкерістер жаңа  үлкен актер бәсекелестігінің кезеңі болады. Жаһандық және аймақтық актерлер жаңа дағдарыстар мен қақтығыстарды күтіп отыр.

Осындай ортада Фидан білдірген ұлттық сыртқы саясат жоспары Түркия қолға алған жаңа халықаралық мәртебеге деген қажеттілік пен ізденістерден нәр алады. Бұл жоспар өте айқын, шытырман және күрделі емес.  Институционализацияны, интеграцияны, принциптерді, көпжақтылықты, достармен және одақтастармен жұмыс істеуді бағалайды. Алайда ағымдағы дағдарыстарды шешуде және басқаруда шынайыққа ие. Бұл жоспар сондай-ақ қауіпсіздік мәселелерінің тәуекелдерін біледі. Әрине ұлттық сыртқы саясат жоспарын жүзеге асыру Түркия үшін маңызды үйлестіруді және әлеуетті арттыруды қажет етеді. Осы аяда Президент Ердоғанның шебер көшбасшылығы мен тәжірибесі ең үлкен артықшылық ретінде көзге түседі.

Түркияның ғасыры туралы жоспарды жүзеге асыру үшін Фидан министрлікке тағайындаған рөлін үш тақырып бойынша қорытындылады. Сыртқы қарым-қатынастардың барлық өлшемдерін түгендеу, өзекті мәселелер мен стратегиялық мүмкіндіктер бойынша министрліктер мен мекемелер арасындағы үйлестіруді жасау.



Ұқсас жаңалықтар