ТРТ Теледидар

Теледидар

Көптеген ұлттық және аймақтық теледидар арналары орналасқан хабар тарату атмосферасында Түркия және әлемге «дұрыс және бейтарап» хабар беретін TRT білім беру, мәдениет, деректі фильм, драма,  спорт, музыка және ойын-сауық трансляцияларымен Анадолының 99 пайызына және шетелге жетіп, барлық жас аралығындағы көрерменге қызмет беруде.

TRT трансляциялары түрлі жас, мамандық, білім және мәдениет деңгейіндегі көрерменге дұрыс, бейтарап, түсінікті және дәл уақытында хабар беруді, білім мен мәдени жағынан дамуына үлес қосуды, көңіл көтере отырып үйретуді және ұлттық мәдени бүтіндікті қамдауды мақсат етеді.

TRT-1 Отбасы арнасы.Түркияның ең көп қаралатын теле арнасы TRT-1 отбасы арнасы форматында,  білім беру,  мәдениет,  драма,  музыка,  ойын-сауық, спорт және жаңалық бағдарламаларымен бүкіл Түркияға бағытталады. TRT-1 99,9 пайыз қамту алаңымен Түркияның барлық жерінде және интернет арқылы бүкіл әлемде.

 TRT-WORLD Әлемге толығымен ағылшын тілінде хабар тарататын жаңалықтар арнасы. TRT WORLD батыл және адамға бағытталған жаңалықтар түсінігімен трансляциясын жалғастыруда.

TRT-HABER Өзекті жаңалықтар, саясат,  анализ, пікірталас, спорт, деректі фильм, мәдениет және өнердің жаңа тынысы TRT HABERTRT тәжірибесімен экрандарда. Дұрыс және бейтарап болуды мақсат еткен TRT HABER өмірдің барлық жақтарын экранға әкеледі. Сіз де дұрыс хабар алу құқығыңызды қолданыңыз. Жаңалықтардың экраны TRT HABER- барлық жерде.

TRT SPOR 2010 жылдың тамыз айында жариялана бастаған TRT Spor ұлттық және халықаралық барлық спорттық сайыстарды және организацияларды тікелей немесе банттан экранға әкеледі. Арна спорттың барлық саласына айырықша көңіл бөледі.

TRT-AVAZ 2009 жылдың наурыз айында трансляциясын бастаған, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Босния және Герцоговина, Албания және Түркия сынды 8 елден және осы елдерде қолданылатын 8 тілде Қиыр Шығыстан Балқанға дейін созылған территориядағы түрік әлеміне бағытталған теле арна.  Түркия мен басқа түрік республикалары арасында тіл мен ой бірлігін қалыптастырады. Көптеген түрік тілінде Дауыс деген мағынаға келетін Әуез/AVAZ түрік республикаларының ортақ үні ретінде Таяу Шығыстан Кавказға дейн 27 ел мен 13 автономдық республикада шамамен 250 миллион адамға үн қатады.

TRT-ÇOCUK Замандас түрік балаларының анимациядан музыкаға, жаңалықтан спортқа дейін барлық мұқтаждықтарына жауап беретін арна физиологиялық, рухани, моральдық жағынан дені сау ұрпақ өсіруге үлес қосуды мақсат етеді.  Жаһандық педагогикалық нормаларда сапалы,  заманауи және жауапты хабар тарату түсінігімен балалардың дамуына қолдау беретін, жол көрсететін TRT Çocuk түрік тілі мен мәдениетінің дұрыс таныстырылуын, балалардың ойнап отырып үйренуін мақсат тұтады.

TRT-BELGESEL Түркияны ағылшын, неміс,  француз,  орыс және түрік тілдерінде әлемге таныстыратын TRT Belgesel  арнасы тарих,  қоғам,  табиғат,  қоршаған орта,  спорт, мәдениет, өнер, ғылым, технология салаларында деректі фильмдер жариялайды. Өткенді болашаққа жеткізетін және табиғатпен сүйсіндіретін арна 2009 жылдың 17 қазан күні трансляциясын бастады.

TRT-MÜZİK Түркияның және әлемнің музыкасын табыстырған арнада сайыс бағдарламалары,  музыкалық деректі фильмдер, концерттер,  бағдарламалар,  Top 10 және тікелей бағдарламалар жарияланады. 2009 жылдың 16 қараша күнінен басталған арна түрік халық және классикалық музыкасымен бірге жергілікті және шетелдік музыкалық трансляциясымен Түркияның және әлемнің әуенін TRT ерекшелігімен экранға әкеледі.

TRT-EL ARABIA Түркияның халықаралық және әсіресе аймақ елдерімен арадағы қарым-қатынастарына оң үлес қосу мақсатында TRT-El Arabia Түркия және араб әлемінің ортақ тілі,  ортақ экраны,  ортақ сезімі болу жолында барлық жас аралығындағы көрерменге бағытталып,  бала,  жастар, әйелдер, медицина,  экономика,  драма,  деректі фильм, спорт, музыка, жаңалық,  мәдениет, өнер,  дін, ахлақ және ойын-сауық бағдарламаларынан тұратын бай контентімен 2010 жылдың сәуір айында жариялана бастады. Араб тілінде сөйлейтін 22 араб елі мен араб тілді азаматтарға бағыттап трансляция беретін арна 350 миллион тұрғыны бар араб елдері мен Түркия арасында байланысты нығайта түседі.

TRT-TÜRK Көбіне түрік тілінде хабар тарататын арна Түркия мен түрік халқын таныстыратын бағдарламаларымен, жаңалықтар,  мәдениет және өнер контентті бағдарламаларымен,  шетелдерде өмір сүретін азамат пен қандастарымыздың Түркия және трік мәдениетімен үзілмес байланысы,  проблемаларында қолдаушысы, қайғы мен қуаныштарының ортағы.  Әлемнің қай жерінде болсаңыз да...

TRT-KURDΠTRT күрд тілінде хабар тараратын халықаралық арнасымен Түркияның әсіресе аймақ елдерімен қарым-қатынасына оң әсер етеді. Еліміздің бірлік пен тұтастығын мақсат ететін,  замандас стандарттарда барлық жас аралығындағы көрерменге үн қататын күрд тіліндегі отбасы арнасы TRT-Kurdî 2009 жылдың қаңтар айында трансляциясын бастады.

TRT OKUL 2011жылдың қаңтар айында эфирге шыға бастаған TRT Okul-да Анадолы Университеті дайындаған сабақтар мен білім, мәдениет бағдарламалармен қоса TRT тарапынан дайындалған түрлі жас аралығына бағытталған мәдени бағдарламалар,  жастар бағдарламалары жарияланады.

TRT 3  Парламенттің отырыстары жарияланатын TBMMTV және TRT Spor арнасы TRT 3 экранына кезектесіп беріледі.

www.trt.net.tr/televizyon/