Республика мерекесіне арналған бағдарлама–2014

Бүгін Түркия Республикасының құрылғанына 91 жыл толды.

172998
Республика мерекесіне арналған бағдарлама–2014

29 қазан Түркияда жыл сайын Республика мерекесі ретінде тойланады.


Османлы Империясы Бірінші Дүниежүзілік соғысқа кірген кезде экономикалық және әскери жақтан ерекше нашар күйде болатын. Ұлыбритания, Италия мен Франция соғыс жалғасып жатқан кездің өзінде Османлы Империяның территориясын бөлісу жоспарларын дайындаған. Соғыс соңында одақтастардың барлығы жеңілгендерін қабылдап, атысты тоқтату келісіміне қол қойды. Осыған орай Османлы Империясы да келісімге келді. 1918 жылы 30 қазанда қол қойылған Мудрос Келісімімен Антанта мемлекеттері Османлы Империясын бөлшектеу жоспарларын атқару орайын тапты. Аталмыш келісіммен түрік армияларының таратылуы, бұғаздардың жеңімпаз елдерге тапсырылуы және маңызды деп қаралған жерлердің қауіпсіздік себебімен басып алынуы көзделді. Антанта мемлекеттері 1919 жылы Измирді жаулап алып, түрік елін бөлісу нысанасына бір қадам жақындады. Алайда осы кезде Анатолыда бір қозғалыс басталды. Мұстафа Кемал Паша Қаратеңіз жағасындағы Самсун қаласына барып, Түрік Азаттық соғысының алғашқы қадамын басты. Арт-артынан ұйымдастырылған конгрестерде ортақ бір шешім қабылдаған түрік ұлты территориясының бөлісілмейтінін, ұлттық шекаралар ішінде отанның бір тұтас екенін, тәуелсіздігін табандылықпен қорғайтынын күллі әлемге жариялады. Артынан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі құрылды және ұлттық жігерге Мәжілісте өкілдік етіле бастады. Мәжілістің құрылуы Түркияда Республика режимінің жариялануына дейінгі жолдың бастамасы болды. Анкарада бас қосқан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Түркияның болашағындағы жалғыз сөз иесі болды.
1920 жылдың жазына жеткенде Бірінші Дүниежүзілік соғыстың жеңімпаздары жеңілгендермен есептесулерді бітіріп, соғыста жеңілген елдерге бейбітшілік келісімдерін қабылдату процестері аяқталған болатын. Алманияға Версальда, Болгарияға Нейи-сюр-Сенде, Австрияға Граф Сен-Жерменде, Венгрияға Трианонда келісімдерге қол қойғызылды. Алайда есептесілмеген жалғыз ел Османлы Империясы қалған еді. Бұл 1920 жылы 10 тамызда Севрде іске асты. Османлы үкіметі тарапынан қол қойылған және өте ауыр шарттарды қамтыған Севр келісіміне халықтың жігеріне өкілдік еткен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі үкіметі тарапынан қатал наразылық көрсетілді. Анатолы халқы тәуелсіздік үшін күресуге бел байлаған болатын.
1922 жылы қыркүйек айында жаулап алушы күштердің жеңіліске ұшыратылуымен Түрік Азаттық соғысы табысқа жетті. Ендігі кезек Османлы Империясының құлдыраған қалдықтарынан жаңа бір мемлекет құруға және оны халықаралық салада танытуға келді.
1922 жылы қарашада Лозана бейбітшілік келісімі үшін кездесулер басталды. Осы кезде Түркияда Салтанат та жойылған және Османлы Империясы билігі аяқталған еді. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі үкіметі Лозанада тек қана Анатолыға шабуыл жасаған және сол жерде жеңген гректермен ғана емес, Бірінші Дүниежүзілік соғыста Османлы Империясын жеңген елдермен де есептесті және тарихқа айналған империяның қалған мұраларымен де беттесуге мәжбүр қалды. Османлының қарыздары, Түрік-Грек шекаралары, Бұғаздар, Мосуль, азсандылар және капиталюция сияқты тақырыптарда айлар бойы жалғасқан келіссөздерден кейін 1923 жылы 24 шілдеде келісімге қол қойылды. Лозана бейбітшілік келісімі арқылы жаңа Түркияның құрылуы, егемендігі және шекаралары танылды.
Ендігі кезек мемлекеттің әкімшілік түрін белгілеуге келді. Азаттық соғысын басқарған әкімшілік жаңа елдің дәуірдің қажетіне лайықты бір құрылымға ие болуы керектігін ойлады. Егемендік ұлтты негіз еткен бір жүйе болып табылатын республика әкімшілігінің жариялануы үшін дайындықтар басталды.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Кемал басшылығында дайындалған заң жобасы 1923 жылы 29 қазанда қабылданды. Осылайша Түркия Мемлекетінің жаңа әкімшілік түрі “Республика”, жаңа аты “Түркия Республикасы мемлекеті” деп белгіленді. Мұстафа Кемал Түркия Республикасы мемлекетінің тұңғыш Елбасы болып сайланды.
Империялық дәуірдің аяқталған жаңа дүние тәртібінде Түркия да замандас елдер қатарынан орын алды. Түркия жолын белгілеп, болашақта өз географисында өнегелі ел болатын әкімшілік түрін қабылдады.
Түркия Республикасы 1923 жылдан бері 90 жылдың алдында жарияланған Республиканың негізгі ережелерін негіз етіп, болмысын жалғастырып келеді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар