Түркияда осы апта-10

24 қараша Түркияда мұғалімдер күні.

140442
Түркияда осы апта-10

“Мен бір ауылдың мұғалімімін, бағманмын. Мен бір бақ суарамын көңілімде... Қан, тіршілік, еңбек менің гүлдерім”.
24 қараша-Түркияда мұғалімдер күні. Бағдарламамызды түрік ақыны Жейхун Атуф Кансудың сөздерімен бастадық.
Әлемнің көптеген елінде 5 қазан күні тойланса да, Түркия мұғалімдерін 24 қараша күні еске алады. Мұның әрине көптеген арнайы себебі бар. 1928 жылы 24-ші қараша күні Министрлер кеңесі Ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүрікке «Ұлыс мектептерінің Бас мұғалімі» атағын берді. Ататүріктің жүз жылдығында дүниеге келген 1981 жылдан бері Түркияда 24 қараша күндері мұғалімдер күні ретінде тойланады.


Әсіресе осы күнде еске алынса да, негізінде мұғалімдеріміз бүкіл өмірімізге әсер еткен тұлғалар болып табылады. Алдымен мектептен бұрын 2-3 жаста бала бақшада олармен танысамыз. Азанда шешеміздің құшағынан өз құшағына алады. Күнімен жегізіп, ішкізіп, ұйықтатады. Бізбен ойнап, бауырына басады. Кейін мектеп басталады. Оқу-тәрбиенің негізін қадам қадам, сабыр және сүйіспеншілікпен, арнайы қалыптастыру осында тағы мұғалімдердің мойынында. Жылдар өткен сайын аттары өзгерсе де, атқарған қызметі ешқашан өзгермейтін көптеген мұғаліммен кездесеміз.
Ақыры осылардың бірінің қолынан диплом аламыз.
Жеміс беруге дайын бір ағаш сияқты боламыз, өйткені мұғалімдер бізді біліммен суарып, жетілдіреді.
Қай бағытқа барғымыз келгенін жақсы білетін боламыз, өйткені мұғалімдер әрқашан бізді жетектейді.
Ұшуға дайынбыз, өйткені мұғалімдер қанаттарымызды дайындайды.


Мұғалімдер қоғамда, әлеуметтік тіршілікте орын алуымыз үшін ең үлкен үлесті қосқандардың басында келеді. Ананың сүті тамшылап денемізді қалай жетілдірсе, мұғалімдер бойымызға сіңірген білімдерімен бізді жайлап пісіреді. Өйткені мұғалімдер материалы адам болған бір мүсінші іспеттес. Ақыры бір топырақ немесе металдан тұрған материалмен өнерін көрсеткен бір мүсіншінің ұсталығымен тіршілігімізге бағыт береді.
Артқа қарап өміріңізге көз жүгіртіңіз. Ең жақсы кезеңдеріңізді ойлаңыз. Оларға қалай қол жеткіздіңіз? Ең мықты қабілетіңізді қалай байқадыңыз, жұмысқа қалай тұрдыңыз немесе шет тілін кімнен үйрендіңіз?... Тіпті соншама тереңді ойламай-ақ қойыңыз. Осы жазылғандарды қалай оқисыз? Мұғалімдеріңізбен хабарласып, оларды құрметтеңіз...
Бағдарламамызды Әзірет Алидің «Маған бір әріп үйреткенге қырық жыл құлдық жасаймын» деген сөзімен аяқтаймыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар