Түркияда осы апта-11

Түркияның денсаулық туризмі жақсы дамыған.

141781
Түркияда осы апта-11

Әзірет Мұхаммед «Имандылық ерекше нәрсе. Адамға денсаулықтан артық нығмет ешбермеген» дейді.
Бүгінгі бағдарламамызда Түркияның денсаулық туризмінен сөз қозғаймыз.
Бірнеше ғасыр бұрын түрлі аурулар миллиондаған адамның жанын алған еді. Кейде бұны тағдыр деді, кейде нашар тамақтанумен байланыстырды, көбінесе генетикалық себептер ретінде түсіндірді. Медицина атсалысты, емдеу әдістері көбейді, қорғану жолдары іздестірілді. Ең аяғында барша «Адам өзінің дәрігері болу керек» деген көзқарасқа келіп тоқталды.
Осы тұрғыдан адам баласы салауатты өмір сүруді күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналдырды. Адамдардың калория өлшеумен және қалай арықтаумен басы қатты.


Салауатты өмір сүру әрине психологиялық жағын да қамтуда. Адамдар өмір сүру ақылшысы дегендердің өсиеті бойынша қадам басуда. Олар «Өмірдің жақсы жағын ойлаңдар, бос нәрсеге көп ми қатырмаңдар, жарыңды немесе күйеуіңді жақсы таңдаңдар, жақсы адаммен дос болыңдар, күнде кем дегенде 15 минут тек өзіңе ғана уақыт бөл, күліп жүріңіздер» дейді.
Осы таңдағы адамдар дене және рухани жақтан өзін қорғауға тырысуда. Осылайша «емделу мақсатты саяхат» деп аталған «Денсаулық туризмі» пайда болды.


Түркияның денсаулық туризм секторы әр жылы 300 мыңға тарта шетелдік науқасты қабылдауда. Ретімен Ливия, Германия, Ирак, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Голландия, Румыния, Болгария және Норвегиядан аурулар Түркияға келуде. Бұл науқастар көз аурулары, ортопедия, травматология, ішкі аурулар, құлақ, мұрын, тамақ, гинекологиялық аурулар, хирургия және онкология сынды салаларды таңдауда. Сұлулық операциясынан жасанды жолмен жүкті болу, шаш егуден тіс емделуге дейінгі адам денсаулығымен байланысты кең саланы қамтыған денсаулық туризмінде Түркия қонақ үйлері, ауруханалары, ішетін сусындары, жейтін тағамдары және арасандарымен қызмет беруде.


Әлем туризмінде Түркия маңызды орынға ие. Сапалы денсаулық қызметтері, жетілдірген мамандары, арзан бағасы, мемлекет қолдауы, географиялық сұлулығы, жайдары климаты және түрік халқының қонақ жайлылығы денсаулық туризм саласындағы ықпалын арттыруда.
Табиғи қайнарларға қайта оралу, табиғи өнімдермен қоректену, ауруларды да табиғи әдістермен емдеу қазіргі әлемнің беталысы болып табылады. Көптеген ауруды заманауи медициналық емдеумен қатар табиғи әдістерді де қолдануда. Осылайша денсаулық туризмінің Түркияда ең кең таралған «Термал» саласы жанданды. Түркияның 46 қаласында 190 арасан бар. Соңғы жылдарда уайым-қайғыдан арылу, арықтау, қотырды емдеу үшін осы арасандарға келуде.


Бұдан тыс шаш егу, сұлулық операциялар, көзді емдеу және жасанды жолмен жүкті болу үшін Түркияға келгендер де аз емес. Түркияда орган және бет-бейне трансплантациясы да табысты түрде жасалуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар