Дарданел Жеңісі

Биыл Дарданел Жеңесінің 100-ші жылдығы.

268010
Дарданел Жеңісі

Чанаккале Гелиболу желді төбелерінде әрқашан бәйшешектер гүл ашқан, шипалы мол суы мен құнарлы топыраққа ие керемет қала.
Түркияның солтүстік-батысында орын алған. Ішінен терең мөп-мөлдір теңіз өткен Дарданел--Эгей және Мәрмәр теңізін бірлестірген табиғи бір стратегиялық коридор. Бұл жер стратегиялық жақтан өте маңызды болғандықтан тарихтан бері қанды соғыстарға сахна болды. Талай қанды шайқастарға қарамастан қайтадан жанданған осы қала түрік ұлтының қайта туылған жері болып табылады. 1915 Дарданел Жеңісі түріктердің ұлт болу түсінігін қалыптастырды. Осы соғыс түріктер үшін бастама болды және Түркия Республикасының құрылуына мүмкіндік жаратты.


Енді 100 жыл бұрынға барайық. Яғни, 1915 жылы 18 наурыз күніне оралайық. Ауа райы өте тұнық, аспан шайдай ашық, теңіз мөп-мөлдір еді.
Көктем келді. Жер ананың тон кеудесі жіби бастады. Бұғанасы әлі қатпаған жас ұландар таза киімдерін киді. Түркияда түрік әскерлерінің топтық аты бар еді: Мехметчик. Әскерлер жуынды және ғұсыл дәреттерін алды. Одан кейін дұға қылды. Олардың жүрегінде отанға деген сүйіспеншілігі бар еді. Барлығы бірге топтық намаз оқыды. Әскерлер мереке намазын қылғандай бақытты еді. Бірақ олар өлімге, шәйіт болуға бара жатыр. Отан үшін жанын пида етуге дайындалуда еді.
Анадолының зерек, ақылды, сегіз қырлы бір сырлы жігіттері соғыс майданына аттанды. Бұл жастардың кейбіреулері студент, кейбіреулері оқушы, кейбіреулері диқан, кейбіреулері малшы, кейбіреулері музыкант, кейбіреулері ұста, кейбіреулері мұғалім. Қысқасы әр саладан келген, адал ниетті, ашық-жарқын жас азаматтар. 


100 жыл бұрын Османлы Империясын жою, бұғаздар мен Стамбулды жаулап алу батыс елдерінің қиялы болатын. Түрік ақыны және ойшылы Мехмет Акиф Ерсой жырлағандай ұзақ жылдан бері «Белімізден сұғуға дайын тұрған бір пышақ еді». Ұлыбритания, Ресей және Франция бірге дүние жүзілік соғысы жаратқан былықпадан пайдаланып, «ауру адам» деп атаған Османлы Империясын құлатпақшы еді. Дарданел бұғазын жаулап алып, Стамбулға жетпекші болатын.
Алайда бұл арам қиял отан үшін құрбан болған түрік әскерлерінің алдында күл талқан болды. Гелиболу түбегі бүгін 1915 жылы 18 наурыз Теңіз Соғысы жеңісінің және 25 сәуірде басталып, 8 жарым ай жалғасқан, артынан дұшпандар үнсіз қашқан құрлық соғыстарының іздеріне толы.
Мыңдаған түрік әскерінің қанымен қол жеткізілген бұл ұлы жеңіс Түркия Республикасының алғы сөзіндей. Дарданел түбегейлі түрде «қырылатын» бір ұлттың қайтадан тірілу күресі болып табылады. Бұл территория ұлттың «Мен бармын» деген жері. 


Дарданел соғысы көп майданды бір соғыс еді. Ұлыбритания 18 наурыз күні басталған теңіз соғысын ауыр шығынмен тамамдады. Бірақ бас тартқан жоқ. Франция, Австралия және Жаңа Зеландиямен бірге 25 сәуір күні бірнеше жерден шабуыл ұйымдастырды. Дұшпандардың заманауи қарулары болса, түрік ұландарының сенімі бар еді. Анзақ әскери құжаттарында «Біздің заманауи қаруларға қарсы түріктер найзаларымен аттанысқа кірді» деп жазған еді. Түрік әскерлері бір сүйем территория үшін соңғы бір тамшы қаны біткенше күресті. Барлық жер қанға боялды. Түрік әскерлері арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты еді. Әлемнің ең құдіретті армияларына бас идірді.


Дарданел--түрік отанының жүрегінің дүрсілдеген жері. Гелиболу түбегі ұлттық саябағында зеңбіректер, қорғандар, соғыс жабдықтары және соғыспен байланысты мыңдаған басқа қалдықтармен қатар түрік әскерлерінің шәйіттіктері бар. Сондай-ақ Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания мен Франция әскерлерінің қабірлері мен ескерткіштері орын алуда. Австралия мен Жаңа Зенандия жасақтарын «Анзак» деп атайды. 


Осы соғыс алаңы бүгін бейбітшілікке арналған территория болып табылады. Отан үшін өз жанын пида еткен шәйіттердің бүгінгі немерелері әрі аталары үшін мақтанады, әрі де бейбітшілік символы болған осы территорияны қорғағанына қуанады. Бұл Дарданел тарихының соңғы романтикалық соғысы еді. Екі дұшпан талай күн өте жақын қорғаныс жерінде бір-бірлерінің көзіне қарап, қырғын соғыс өткізді. Бірге ән шырқады, одан кейін құшақтасты. Қазір екі жақтың әскерлері Гелиболу жерінде бірге, қоян-қолтық ұйықтап жатыр.


Теңіз соғысының жеңіспен аяқталған күні 18 наурыз әр жылы «Шәйіттер күні» ретінде еске алынса, құрлық соғысы басталған 25 сәуірде де Түркия Анзақтардың немерелерін күтіп алады. Австралия мен Жаңа Зеландия әскерлерінің немерелерін Анзак әскерін қолында көтерген түрік әскерлері мүсіні қарсы алуда. 2015 жылы Дарданел жеңісінің 100-ші жылдығы болғаны үшін өте маңызды. Түрік ұлты оған осы территорияны тарту еткен аталарын еске алу үшін іс-шаралар ұйымдастыруда. Түркия халқы осы соғыстың Республика үшін өте маңызды екенін әсте ұмытпайды. 


Дарданел түрік ұлтына соғыс құдіреті мен қабілетін, үміт пен өзіне деген сенімін, Азаттық Соғысын басқаратын лидерлерін жетілдіру мүмкіндіктерін берді.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар