Түркияның 2015 жылы Еуразия мемлекеттерімен ынтымақтастығы қалай өтті?

Еуразия тынысы 03

426529
Түркияның 2015 жылы Еуразия мемлекеттерімен ынтымақтастығы қалай өтті?

2015 жылы Еуразия жағрапиясындағы елдер мен Түркия Республикасы арасындағы ынтымақтастық шайқалысты өтті. Жыл бойы алдын ала жоспарланған көптеген саммит жүзеге асса да, кейбір маңызды жиналыстар жүзеге аспады. Алдымен 2015 жылы Еуразия мемлекеттерімен байланысты Түркия тұрғысынан маңызды жаңалықтарға көз жүгіртейік.

Түркия тарапынан бірнеше жыл бұрын іске қосылған үштік сыртқы істер министрлері жиналыстары аймақтық ынтымақтастық тұрғысынан аса маңызды. 2015 жылы бұл үштік жиналыстар белгіленген жерлерде өткізіле алмады. Түркия-Әзірбайжан-Иран Сыртқы істер министрлері үштік жиналысының 4-шісі 2015 жылы ішінде жүзеге асырыла алмады. 2015 жылы 23 желтоқсан күні 5-ші Әзірбайжан-Грузия-Түркия Сыртқы істер министрлері жиналысы 2016 жылы 23 қаңтар күніне қалдырылды. Тек қана Әзірбайжан, Түркия және Түрікменстан сыртқы істер министрлерінің үштік жиналысы 2015 жылы 29 қаңтар күні өтті. Жиналыстың үшіншісі болса 28 тамыз күні жүзеге асты.

Түркия 2015 жылы Әзірбайжан, Украина және Қазақстанмен жылдық Жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналыстарын жүзеге асырды. Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналыстары екі жақты ынтымақтастықтың одан жоғары деңгейде жалғасуын қамтамасыз етеді. Ұшақ дағдарысы себепті Түркия-Ресей Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысы да 2015 жылы жүзеге аспады.

2015 жылы Түркия басшылары аймақ мемлекеттеріне көптеген сапар ұйымдастырды және аймақтан келген қонақтарды да Түркияда күтті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің сол кездегі төрағасы Джемил Чичек 14 сәуір күні ресми байланыстар үшін барған Ресейдің астанасы Мәскеуде Ресей парламентінің төменгі қанаты Дума төрағасы Сергей Нарышкин және Федерация кеңес төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті. Чичек РФ Татарстан Автономиялық Республикасында Мемлекеттік кеңес мүшелеріне үн қатты. Джемил Чичек Татарстанға барған тұңғыш Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы ретінде тарихқа атын қалдырды. Джемил Чичек Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Автономиялық Республикасының президенті Рустам Миннихановпен бас қосты. Президент Ердоған болса 23 қыркүйек күні Мәскеу Орталық мешітінің ашылу рәсіміне қатысу үшін Ресейге сапар ұйымдастырды.

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған 15-18 сәуір күндерінде Қазақстанға тұңғыш рет президент ретінде барды. Қазақстанда президент Ердоғанға Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті тарапынан құрметті доктор атағы берілді. 11-ші президент Абдуллах Гүл де 6 шілде күні Қазақстанның Астана қаласына Елорда болуының 17-ші жылдығына орай ұйымдастырылған «Астана күндері» іс-шараларына қатысу үшін Қазақстанға сапар ұйымдастырды.

5-7 мамыр күндері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Джемил Чичек Түрікменстанға ресми сапармен барды. Түрікменстанда Чичек басшылық жасаған парламент делегациясы президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедов тарапынан қабылданды. Делегация сондай-ақ Мәжіліс төрайымы Акча Нурбердиевамен басқосты. 7 тамыз күні Түрікменстан президенті Бердімұхаммедов Түркияға жұмыс сапарымен келді. 2015 жылы 12 желтоқсан күні Ашғабатта Халықаралық тұрақты бейтараптықтың 20 жылдығына орай «Бейтараптық саясаты: Бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеу үшін Халықаралық ынтымақтастық» конференциясы ұйымдастырылды. Бұл конференцияға Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған қатысып, бір баяндама жасады. Президент Ердоған Ашғабатта Георгий Маргвелашвили және Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен оңаша кездесті.

Президент Режеп Тайып Ердоған 12 маусым күні 1-ші Еуропа Ойындарының ашылу рәсіміне қатысу үшін Бакуге барды. Президент Ердоған Бакуде президент Илхам Алиев, Ресей президенті Владимир Путин және Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен оңаша кездесті. Әзірбайжан президенті Илхам Алиев болса 15 қаңтар күні Ердоғанның шақыруымен Түркияға сапар ұйымдастырған болатын. 2015 жылы «Үлкен 20» тобы елдері саммитіне қонақжайлық жасаған Түркия саммитке құрметті қонақ ел ретінде Әзірбайжан Республикасын шақырды. Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлу 3 желтоқсан күні Әзірбайжанға жұмыс сапарымен барды. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Исмаил Караман шетелге тұңғыш сапарын 21 желтоқсан күні Әзірбайжанға ұйымдастырды.

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған Қытай Халық Республикасы мемлекет басшысы Си Цинпиньнің ресми шақыруымен 28-30 шілде күндерінде Қытай Халық Республикасына ресми сапар ұйымдастырды. Үлкен халық залында екі ел басшысының қатысуымен «Түркия Республикасы мен Қытай Халық Республикасы үкіметтері арасында вице-премьерлер деңгейінде Ынтымақтастық комитетін құру жөніндегі хаттамаға» қол қойды.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі (Түрік кеңесі) 5-ші саммиті «Медиа және бұқаралық ақпарат ынтымақтастығы» тақырыбында Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қонақжайлығымен 2015 жылы 11 қыркүйек күні Астанада жүзеге асты. Саммитке Түркия Республикасы атынан Мәжіліс төрағасы Исмет Йылмаз өкілдік жасады.

Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясының (ТүрікПА) алтыншы пленарлық отырысы 3-4 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасының бас қаласы Астанада болып өтті. Қазақстан Республикасының мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыповтың басшылығында өткен отырысқа Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің сол кездегі төраға орынбасары Ахмет Айдын қатысты.

2015 жылы өткізілген 2 жалпы халықтық сайлау себепті Түркияның Еуразия мемлекеттерімен ынтымақтастықтары 2014 жылымен салыстырғанда әлсіз өтті десе болады. 24 қараша күнгі ұшақ дағдарысы Түркия-Ресей қарым-қатынастарында стратегиялық ортақтық ынтымақтастығын артта қалдырған сияқты. Түркия аймақ мемлекеттерімен жүзеге асырған сыртқы істер министрлері жиналыстарын 2015 жылы толық жүзеге асыра алмады. Артқа қарағанда Түркияның 2015 жылы Әзірбайжан және Түрікменстанмен жоғары деңгейдегі қатынасын жалғастырғанын айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар