"Сирияда ПЙД, Түркияда террор"

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 08

443317
"Сирияда ПЙД, Түркияда террор"

16 қыркүйек сейсенбі күні Анкарада жарылғыш орналасқан бір көлікпен жасалған қанды шабуылда 28 адам қаза тапты, 61 адам жарақат алды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Анкарада әскери қызметкерлерді тасыған көліктер өткен кезде жасалған бұл бомбалы шабуылмен байланысты мәлімдемесінде «Ақлақтық және адамзаттық тұрғыдан ешқандай шегі жоқ бұл шабуылдарды жасаған қуыршақтар мен олардың арқасындағы күштерге қарсы күресімізді күн өткен сайын қарқынды түрде жалғастырамыз. Бірлік, ынтымақтастық пен болашағымызға бағытталған іштей және сырттай жасалатын шабуылдарға қарсы еселеп жауап қайтару құқығымыз мұндай жауыз әрекеттер алдында одан да күшейеді.

Түркияның заңды қорғаныс құқын қашанда әр жерде және әр жағдайда қолданудан бас тартпайтынын барша білу керек. Террор ұйымдарын пайдаланып, елімізді және ұлтымызды нысанасынан алыстататынын ойлағандар қателескендерін көреді» деді.

Президент Ердоғанның бұл сөздерінің соңғы кездері Сирияда болып жатқан оқиғалармен байланысты екені анық.

«Қуыршақ» деп аталған шабуылды жасағандардан гөрі бұл жолдаманың тікелей Ресейге және жанамалы түрде де АҚШ-қа айтылғанын айтуға болады.

Одақтас ретінде Түркия-АҚШ қарым-қатынастары 2-дүниежүзілік соғыстың артынан басталды. Түркия 1952 жылы мүше болған және ең ұзақ мерзімді одақтастық ретінде НАТО-да АҚШ-тан кейін ең көп әскері бар ел. Дегенмен соңғы 4 жылдан бері АҚШ-пен ынтымақтастықта Түркия өкініштерге ұшырады.

Бұл өкініштерге екі оқиға негіз болды. 2013 жылы Мысырдың тұңғыш сайлаумен билікке келген елбасы Мұхаммед Мурсидің әскери бір төңкеріспен биліктен кетуіне АҚШ қажетті наразылық көрсетпеді.Тіпті төңкерісті заңдастыратын ұстанымдар ортаға қоюы түрік үкіметі тарапынан сынға алынды.

Өкініш туғызған екінші тақырып болса, аймақтық және жаһандық күштердің де қосылуымен соғысқа айналған Сирия дағдарысы басталған күннен бері АҚШ-тың ортаға қойған ұстанымы. Асад режимі көтерілісті басу үшін аяусыз қолданған күш, химиялық қаруларды қолдануға дейін жеткеніне қарамастан АҚШ әкімшілігі мәселенің шешімінде әсіресе мәжбүрлеуші тарап болудан бас тартты. ДАИШ-тің 2014 жылы бірден Иракта және Сирияда аты аталған актер ретінде алаңда көрінуі АҚШ-тың Сирия күрд ұйымдарының бірі ПЙД және оның қарулы күші ЙПГ-мен өте жақын байланыс орнатуына себеп болды. Бұл жағдай Түркия тұрғысынан әу бастан бері мәселе туғызды. Өйткені ПЙД 1970 жылдардан бері Түркияға қарсы қолданылған және Түркия тарапынан террорист ретінде қабылданған бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-мен жақын ынтымақтастыққа ие. Тіпті Түркия үшін ПЙД-ЙПГ Сириядағы ПКК террор ұйымы болып табылады.

Соңғы 1 жылдың ішінде алдымен АҚШ-тан және 2015 қазан айынан бастап, Ресейден қолдау алған ПЙД-нің үздіксіз алаңын кеңейтуін Түркия өз қауіпсіздігіне бағытталған бір қауіп ретінде қабылдады. Әсіресе соңғы екі аптаның ішінде Түркия мен АҚШ арасындағы келісімсіздік арта түсті. Асад режимінің оппозиционерлерге бағыттап Ресей бастаған шабуылдары ПЙД/ЙПГ үшін өте ыңғайлы бір алаң ашты. Ұйым Сирияның солтүстігінде барлық Түркия шекарасын қамтитын алаңды өз билігіне алатындай қозғалды. АҚШ-тың ПКК-ны террор ұйымы ретінде көруіне қарамастан ПЙД-ні басқаша бағалауы ПЙД-нің батылдығын арттырды. Ұйым Түркияның наразылығына қарамастан оппозиционерлердің бақылауындағы Минни әуе базасы мен Тель-Рифат ауданын қолға түсіріп, Азазға жақындады. Минни базасынан шегінуді қабылдамауы Түркияның зеңбіректермен Сириядағы ПЙД/ЙПГ нысаналарын атқылауына себеп болды.

Түрік лауазымдылардың сындарында «қуыршақтың артындағы күш» ретінде айтып отырғаны көбінесе Ресей екені анық. Асад режимінің құрлықтан ілгерілеуіне әуеден қолдау бергенін алға тартқан және Халеб төңірегіндегі оппозициялық күштерге қарсы шабуылдаған Ресей мектеп пен аурухана сияқты жазықсыз нысаналар мен әскери нысаналарды бірдей бомбалады. Алайда Асад режимінің аяқта тұруы үшін 22 аурухана мен 27 мектепті бомбалап, жүздеген жазықсыз адамды өлтірген Ресей ПЙД-ге бағытталған бастамасы себепті Түркияны Қауіпсіздік кеңесіне шағымданды. Түрік үкіметінің назарында болса Ресей ПЙД-ні қуыршақтай жұмсаған күштің дәл өзі.

Жазықсыз адамдардың нысанаға алынуы және режимге қолдау беруіне қоса, Түркия тұрғысынан қабылданбайтын тағы бір жағдай да арабтар мен түрікмендердің үйлерін тастап кетуге мәжбүрлеуі. ПЙД-нің іске қосылуымен аймақтағы этникалық құрылымды өзгерту үшін мыңдаған адамды көшке итермеледі. Осындағы шындық Ресейдің операцияларында ДАИШ сирек түрде нысанаға алынды.

Ресей бұл шабуылдарында әсіресе Түркиядан Халебке қарай жылжыған оппозиционерлер пайдаланған коридорды жабу мақсатымен қозғалды. ЙПГ болса әрі Ресейдің жалпы жоспарына қолдау беру, әрі өз мүддесі үшін қозғалды. Бұл жағдайға қарсы Түркия екі әдіс қолданды. Біріншіден АҚШ-ты ПЙД-ге берген қолдауымен Түркияға зиян бергеніне көндіруге тырысты. Екіншіден ПЙД-нің одан көп жылжымауы үшін әскери шараларды қолданды.

Бірақ АҚШ-тың ПЙД тақырыбында Түркиямен бірдей мүддеде табысуы және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен бағындырушы болмаса да Түркияға қарсы бір шешім шығуы, саяси тұрғыдан Түркияның бас тартқызушы күшіне ықпал етпеді. Осының артынан Анкарада Түркияның әскери қызметкерлеріне бағытталған бір террорист шабуыл жасалуы түрік үкіметінің қатаң наразылығын туғызды.

Террор қазір халықаралық қоғам бетпе-бет қалған мәселелер тізімінің басында келеді.

Террорға қарсы тұрақты бір күрес тек қана барлық ұлттардың ортақ тұғырда бірге қозғалуымен мүмкін. Керісінше ерте не кеш террор бәлесінен ешкім құтыла алмайды. 35 жылдан бері террордан қасірет шеккен бір ел және қоғам ретінде Түркияның халықаралық қоғамнан табандылық пен тұрақтылық күтуге құқы бар.



Ұқсас жаңалықтар