Халықаралық әйелдер күні

Күш қолдану, теңсіздік, адам құқығын бұзушылықтар тоқтасын деген тілекпен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.

446816
Халықаралық әйелдер күні

Аналар күні, әкелер күні және ғашықтар күні сынды әрбір күннің қабылдануына себеп болған бір оқиға болады.

Әйелдер күнінің тойлануына себеп болған оқиға болса, өкінішке орай бір трагедия. 1857 жылы 8 наурыз күні Американың Нью-Йорк қаласында 40 мың жұмысшы әйел еңбек шарттарының жақсартылуын талап етіп, ереуілге шығады.

Комбинат басшылары ереуілді зұлымдықпен бастырады.

Ереуілдің басқа зауыттарға тарауына кедергі болу үшін ереуілге шыққан әйелдерді комбинаттың ішіне құлыптап тастайды.

Алайда осы кезде комбинат себебі белгісіз бір өртке шалдығады. Өкінішке орай, жұмысшы әйелдердің арасынан бірнешеуі ғана өрттен аман қалады.

Өртеніп жатқан ғимараттан шыға алмаған, комбинаттың төңірегіне құрылған баррикадалардан өте алмаған 129 әйел болса өртеніп өледі.

Оқиға ел көлемінде және тіпті шетелде жаңғырады. Жұмысшылардың жаназа рәсіміне 100 мыңдаған адам қатысады. Арадан өткен уақыт ішінде де осы оқиға ұмытылмайды. Данияда 1910 жылы өткен әйелдер жиналысында қайтадан күн тәртібіне келеді. 1857 жылғы 8 наурыз күнгі комбинаттағы өртте қаза тапқан жұмысшы әйелдер үшін 8 наурыз күнінің халықаралық әйелдер күні ретінде атап өтілуі ұсынысы қабылданады.

Бірінші және екінші дүниежүзілік соғысы жылдар арасында кейбір елдерде Әйелдер күнін атап өтуге тыйым салынады.

Осы трагедия өз елінде болғанына қарамастан, Америка Құрама Штаттары тек 1960 жылдардың аяғында Әйелдер күнін қабылдады.

БҰҰ жалпы ассамблеясының 1977 жылғы 16 желтоқсан күнгі отырысында 8 наурыз күнінің Халықаралық Әйелдер күні ретінде аталуы қабылданды.

**

Бірінші және екінші дүниежүзілік соғысы жылдары арасында кейбір елдерде атап өтілуіне тыйым салынған Халықаралық әйелдер күні Түркияда алғаш рет 1921 жылы мәжіліс ашылғаннан бір жылдан кейін, әлі Республика жарияланбай тұрып, «Жұмысшы әйелдер күні» ретінде тойлана бастады. Алайда 1975 жылдан кейін кең көлемде атап өтіле бастады.

1990 жылдардан кейін әйелдер үшін жұмыстанған ұйымдардың саны мен түрлілігі артқандықтан 8 наурыз көлемді түрде тойланды.

Тарих бойы түрік әйелі тұрмыстың барлық сатысында ер адамдардың жанында барлық жауапкершілікті бөлісті, әсіресе Азаттық соғыс барысында ер адамдай күресті. Османлы империясынан бүгінге дейін алуан түрлі мәдениет көрген елімізде әйелдер ер адамдармен бірге әлеуметтік-мәдени, саяси тарихтың дамуында үлкен рол ойнады.

**

Халықаралық Әйелдер күнінде бүгінгі күні де әйелдердің теңдігі үшін, тәуелсіздігі үшін, саяси әділетсіздіктердің жойылуы үшін, жұмыс шарттарының жақсартылуы үшін жұмыс істеуде. Әйел қоғамды қалыптастыратын ең маңызды фактор. Әйелдер еленбейтін, әйелдер құрметтелмейтін бір қоғамды өркениетті деп есептеуге болмайды. Егер бір қоғамда әйел болса, сол қоғам өркениетті. Сол қоғам алға жылжиды. Егер әйел қоғамның ішінде белсенді болса сол қоғам өндіруші. Әйел құқықтарын адам құқықтарынан бөле қарауға болмайды.

Әйелдердің талаптарымен басталған, әлі де жалғасып келе жатқан күресте Түркияда және әлемде әйел құқықтарының жақсартылуына бағытталған көптеген жетістікке қол жеткізілді. Бірақ еш жеткілікті емес. Әйелдердің проблемалары әлі көптеген елдерде жалғасып келеді. Деректерге қарағанда дүние жүзінде әрбір үш әйелдің бірі өмірінде бір мәрте де болса отбасында соққыға ұшырайды.

Әйелдерге қарсы күш қолдану әлемді ең көп тараған, алайда ең аз жазаландырылған қылмыстар қатарында. Дүние жүзінде 15 пен 45 жас арасындағы әйелдер аурулар мен жол апаттарынан көп ер адамдардың күш қолдануы салдарынан қаза табуда немесе мүгедек боп қалуда.

БҰҰ-ның бір зерттеуіне қарағанда, дүние жүзіндегі жұмыстың 66 пайызын әйелдер тындырады екен. Осыған қарамастан әйелдер әлемдегі табыстың тек 10 пайызына ие. Дүние жүзіндегі барлық мал-дәулеттің тек 1 пайызы ғана әйелдердікі.

Жер бетінде болып жатқан түрлі соғыстардан ең көп зардап шеккендер тағы әйелдер. Ел-жұртсыз, баспанасыз қалып, көшуге мәжбүр болып, насымын қорғап, жақындарынан айрылып, әрі әке боп, әрі ана боп, үреймен өмір сүруде.

**

8 наурыз әлемде және елімізде әйелдердің проблемалары күн тәртібіне келіп, талқыланатын күн болуына орай өте маңызды. Күш қолдану, теңсіздік, адам құқығын бұзушылықтар тоқтасын деген тілекпен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.



Ұқсас жаңалықтар