Сирияда атысты тоқтату бітімі

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 10

454609
Сирияда атысты тоқтату бітімі

Ресей мен АҚШ келіскен Сириядағы дұшпандық ұстанымын тоқтату келісімі немесе кең тараған атауымен атысты тоқтату 27 ақпан күні іске қосылды. Бірақ алғашқы күнінен бастап атысты тоқтатудың бұзылғаны жайлы шағымдар тоқтамады. Сириялық оппозиционерлер құрған Жоғары келіссөз кеңесі режим мен одақтастырының атысты тоқтатудың алғашқы күні 15 рет атысты тоқтатуды бұзғанын жариялады. Сондай-ақ алғашқы күні орталығы Ұлыбританияда болып табылатын Сирия адам құқықтарын бақылау ұйымы Халебте соғыс ұшақтарының 6 ауданға шабуылдағанын білдірді. Франция мен Сауд Арабиясы болса атысты тоқтатудың бұзылғанына алаңдағандарын тілге тиек етті. 2 ақпан күні Сирия адам құқықтары ұйымынан жасалған мәлімдемеде болса, атысты тоқтату басталған күннен бері 145 рет атысты тоқтатудың бұзылғанын атап көрсетті. Бірақ АҚШ пен БҰҰ қаншама бұзушылық болғанына қарамастан, атысты тоқтату жарияланғаннан кейінгі жағдайдың көбінесе жақсы екенін айтып отыр.

Бұзушылық тұрғысынан соншама көп шағымның түскеніне негізінде таң қалмау керек. Өйткені атысты тоқтату мазмұны мен ауқымы тұрғысынан тұрақтылықтың оңай бұзылуына бағытталған ерекшеліктерге ие. Бәрінен бұрын Ресей мен Асад режимі атысты тоқтатудан тыс қалдырылды деп есептеген күштерге қарсы шабуылдау құқы бар деп алға тартады. Осында әсіресе ДАИШ пен Әл-Нусра майданын атағандары күдіксіз. Бірақ жағдайды шатаққа айналдырған мынадай бір жағдай да бар. Қақтығыс аймақтарының маңызды бір бөлігі атысты тоқтату аясындағы оппозициялық топтар мен сыртта қалдырылғандардың (әсіресе Әл-Нусра майданы) белгілі бір мөлшерде ынтымақтастық жасағаны байқалады. Бұл ынтымақтастықта әсіресе идеологиялық немесе саяси мақсат ұқсастығы ықпалды емес. Кішкентай топтар одан мықты болған дұшпанға немесе режим күштері мен одақтастарына қарсы күштерін арттыру мақсатты кейде мұндай қарым-қатынастар жасайды. Міне осы ынтымақтастықтың болмысы Ресей мен режим күштеріне атысты тоқтатуды бұзғанына қарамастан атысты тоқтату шарттары шеңберінде қалғандары сылтауын алға тартуға жағдай жасайды.

Екіншіден режимге қарсы күрескен күштердің көпшілігі атысты тоқтатуға бағынады. АҚШ Ресейге ұсынды деп алға тартылған бір тізімге қарағанда, бұлардың саны 70-ке таяу. Дегенмен ондаған кішкентай топ үшін атысты тоқтату онша маңызды емес. Сондай-ақ контрабанда мен қара нарық сияқты себептермен тікелей қақтығыстың жалғасуынан пайда көруші топтардың да бар екені белгілі. Бұл жағдай атысты тоқтатудың ұзақ мерзімді болу ықтималын азайтатын факторлар арасында. Ресей мен Сирия режимі тікелей атысты тоқтатуды бұзушы тарап болғанына қарамастан өздері қалаған кезде операциялары үшін сылтау алға тарта алады.

Ресей немесе Асад режимі алға тартқан аталмыш сылтаулар кезкелген бір топқа бағытталған операцияны шектеулі болса да, атысты тоқтатуға бағыну шешімі қабылдаған топтарды асқындыратын ерекшеліктерге ие. Сондықтан белгілі сылтаулармен басталған операциялардың өзі атысты тоқтатуға шешім қабылдаған оппозициялық топтарды қайтадан қарулануға итермелеуі мүмкін. Белсенді қақтығыс алаңдарының көпшілігінде кезкелген топтардың кезкелген аймақтарды бақылауға алғанын түсіну үшін картаға қарағанда алдымызға шығатын кесте анық емес. Көптеген жерде бұл топтар режимге қарсы күрескенде бір-бірімен кездесуі мүмкін. Сондықтан кейбір аймақтарда тек қана белгілі бір топ операция алаңына кірсе де, басқа бір топты бұл шабуылдан тыс қалдырып операция жасау мүмкін емес сияқты. Бұл да операциялар жалғасқан жағдайда, атысты тоқтатуды бұзуға себеп болады.

Кезкелген жағдайларда атысты тоқтатудың бұзылуы мүмкін екені жөнінде шынайы ықтималдарды көбейтуге болады. Бұл ықтималдардың молшылығы өткен апта жұма күні іске қосылған атысты тоқтатудың қаншама нәзік екенін көрсетеді. Ал 2015 жылы қыркүйек айының соңынан бастап қол жеткізілген жетістіктердің нәтижесі ретінде бұл атысты тоқтату Ресейдің немесе басқалардың бұзушылық жасауы үшін қаланды ма?

11 ақпан күні жариялануы жоспарланған атысты тоқтату Ресей сол кезеңде операцияларды жалғастырғаны себепті іске қосыла алмаған болатын. Ресейдің қазіргі атысты тоқтатуды бұзатынына нақты көзбен қарағандар қазіргі атысты тоқтатуды бір фантазия ретінде бағалайды.Дегенмен осында мынаны ешкім ойламайды: Майданда ұтымды болған Ресей атысты тоқтатудың жариялануы үшін тікелей талпынған тарап болды. Ресейдің мәселесі осында көзді бояудан көрі жоюшы күшімен қысқа уақытта қол жеткізген жетістіктері алдында өзі сияқты күш қолданысын қаламаған АҚШ пен Еуроодақ елдеріне Сирия мәселесін өзі қалағандай аяқтауды мақұлдату. Атысты тоқтатуды болса өзі мықты боп отыратын келіссөз үстелінің жолын ашу үшін алдынғы саты ретінде қолданғаны анық.



Ұқсас жаңалықтар