Түркия-Иран ынтымақтастығында жаңа кезең

Түркия терезесінен Таяу Шығыс 11

456785
Түркия-Иран ынтымақтастығында жаңа кезең

Соңғы бірнеше жылдың ішінде Сирия тақырыбында екі ел арасындағы саяси келісімсіздік себепті премьер-министр Ахмет Давутоғлуның соңғы Иран сапары үлкен маңызға ие болатын. Араб көктемі алдындағы кезеңде түрік сыртқы саясаты бүкіл әлем мақтан тұтқан бір Таяу Шығыс бастамасына айналды. Бұл кезеңде Түркияның аймақ мемлекеттерімен ынтымақтастығы сауда, экономикалық және саяси тұрғыдан жаңа тұғырға көтерілді. Түркия тұрғысынан республика тарихында бұрын-соңды болмаған бір ынтымақтастық ортасы пайда болды.

Бұл жағдай Иранмен ынтымақтастыққа да болымды ықпалын тигізді. Халықаралық қоғаммен Иран арасында ядролық энергия бағдарламасы себепті шыққан келісімсіздікте Түркия Бразилиямен бірге бітімгерлік жасады. Сондай-ақ Түркия Иранның бейбіт мақсатты атом энергиясына ие болу құқын қолдайды.

Бірақ Сирия дағдарысында екі тарап бір-біріне қарама-қайшы тұғырға көшті. Сирия дағдарысына қоса, екі ел Ирак, Ливан және Йемендегі мәселелер тақырыбында да бөлек ұстаным ортаға қойды. Сондай-ақ Түркия мен Сауд Арабиясы арасында әсіресе соңғы бір жылдың ішінде жылдам өрбіген стратегиялық ынтымақтастық Тегеранды мазалады. Осыларға байланысты 2012 жылдан кейін Түркия-Иран ынтымақтастығы саяси және сауда-саттық тұрғыдан әлсіреді. Екі ел арасында 2012 жылы 22 миллиард доллар болған сауда көлемі 2015 жылы 10 миллион долларға азайды.

Бірақ премьер-министр Ахмет Давутоғлуның өткен аптадағы Тегеран сапары екі ел арасында жаңа бір кезеңнің басталатынының белгісін берді. Жоғарыда атап айтқан аймақтық мәселелердегі көзқарас айырмашылығына қарамастан Түркия мен Иран Сирия тақырыбында мына бес тақырыпта келісті:

- Аймақтық мәселелер аймақ мемлекеттері тарапынан шешілу керек.

- Аймақ мәселелерінде аймақтан тыс актерлер белгілеуші болмау керек.

- Сирияның шекара тұтастығын қорғау негізгі нысана болуға тиісті.

- Қазіргі атысты тоқтату жағдайын қолдау баршаның мүддесіне.

- Шешім ізденісінде ортаға шыққан көріністің өкілдік қабілеті болуына назар аудару керек.

Екі ел арасында Сирия мәселесі негізінде пайда болған жағдайды қалпына келтіру мақсатты бұл сапар аясында экономикалық қарым-қатынастарға бағыт беру нысанаға алынды. Түркия санкциялардың жойылуымен тыныс алған Иранмен экономикалық ынтымақтастығын жетілдіруді қалайды. Жетілетін экономикалық ынтымақтастықтың саясатқа да болымды ықпал ететіні анық. Премьер-министр Давутоғлу алдағы 3 жылдың ішінде екі ел арасындағы сауда көлемін 30 миллион долларға жеткізуді нысанаға алғанын білдірген болатын. Екі ел энергия, банк және туризм салаларында ынтымақтастықты жетілдіруге ниетті. Екі елдің темір жолы және құрлық қатынасы желілерімен порттар арасында байланыс құруға күш жұмсайды. Таңдамалы сауда келісімінің ауқымын кеңейтуге де шешім қабылданды.

Түркияның Иранға қазіргі экспорт көлемі жылына 3,6 миллиард доллар төңірегінде. Иранда шамамен 200-ге жуық түрік фирмасы бар және 2,1 миллиард долларлық инвестицияға ие. Қысқа мерзімде текстил, сауда орталығы, энергия, қонақ үй, құрылыс, трасса салу және темір жолы құрылысы мен автокөлік салаларында түрік фирмаларының Иранға жаңа инвестициялар жасауы да күтіледі.

Ал жаңа бір кезеңнің басталуына не жағдай жасады?

Барлығынан бұрын екі елде өткен соңғы сайлаулар қазіргі үкіметтердің сенімін арттыруға жағдай жасады. Екі ел үкіметтерінің ынтымақтастықты жалғастыру тақырыбында ортақ көзқарасқа ие болуы жаңа бір кезеңнің басталуының алдын ашады. Екіншіден ДАИШ себепті АҚШ пен Ресейдің аймақтағы оқиғаларға тікелей араласуы осында маңызды болып табылады. Алдымен АҚШ-тың Сирияның бөлшектенуі, артынан Ресейдің бір федералдық мемлекет құру жөніндегі мәлімдемелері Түркия мен Иранда ортақ уайымдарды туғызды. Ортақ уайымдар да екі елді ортақ мүдделер тұрғысынан бірге қозғалудың амалын іздестіруге итермеледі.

Қазіргі жағдайда Сирия дағдарысының шешімінде АҚШ пен Ресей алға шығып, Анкара мен Тегеранның қосар үлесін шектегісі келеді. Бұл да әрине екі аймақтық шешім қабылдаушыда мазасыздыққа себеп болады.

Түркия мен Иран арасындағы ынтымақтастықтың алдағы кезеңде қалай жалғасатынын көрсететін көптеген фактор бар. Сириядағы оқиғалар соғыстың жалғыз саясат ретінде қабылдануының қираудан басқа нәрсе әкелмегенін көрсетті. Бұл жағдайды тез арада жоюдың жолы бәрінен бұрын екі жақты шеттетуші және қақтығыс туғызатын сөйлемдерден аулақ болу. Мұның үшін де бөлшектенуден гөрі ортақ мүдделерге назар аудару керек. Бұл жағдайда соғыстан басқа саясат жолдары мен механизмдерінің іске қосылуы міндетті. Екі жақты бағыныштылықты арттыру және мәселелерді азайту екі ел тұрғысынан да ұтымды. Жаңа бір кезеңнің басталуы да жеңілдейді. Сондай-ақ Шешім кезеңіне қайтадан оралу тек қана жергілікті динамикалармен байланысты емес. Аймақтағы жаңалықтардан шеттетілген түрде күрд мәселесіне шешім іздеу өте қиын. Бұл тұрғыдан Түркия мен Иран арасындағы қайта жақындасу оқиғасы әр тұсымен аймақ тұрақтылығы үшін аса маңызды болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар