Түркияның сауықтыру туризмінде маңызды елдердің бірі екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 79

1665628
Түркияның сауықтыру туризмінде маңызды елдердің бірі екенін білетін бе едіңіз?

Ежелгі заманнан бері адамдар өз ауруларына ем іздеу үшін саяхатқа шығатын болған. Қатынас, коммуникация және денсаулық сақтау технологияларының дамуымен қазіргі уақытта сауықтыру туризмі кең тарап келеді. Түркия болса географиялық және стратегиялық тұғыры, бекітілген қызмет көрсету сапасы, климаты мен қол жетімділігі себепті сауықтыру туризмінде алғашқы таңдалатын елдердің бірі болып табылады.

Түркиядағы медициналық емдеу мен хирургиялық шығындары да көптеген Еуроодақ елі және басқа дамыған батыстық елдеріне қарағанда өте қол жетімді. Еуроодақ елдерімен салыстырғанда Түркияны сауықтыру туризмі үшін одан тартымды ететін жалғыз себеп жалақының төмендігі емес.

Жоғары стандарттардағы медициналық қызмет сапасы, арнайы қызмет көрсету, қысқа күту уақыты және бай мәдени мұра сияқты ерекшеліктері Түркияның сауықтыру туризмінде алғашқы орындарға шығуына мүмкіндік береді.

Сауықтыру туризмі үшін денсаулық сақтау мекемелері мен ұйымдарының Joint Commission International (JCI) тарапынан аккредиттелген болуы керек. Түркияда 45 шақты аккредиттелген денсаулық сақтау мекемесі бар және бұл тақырыпта әлемде екінші орында тұр. Халықаралық науқастар ең көп таңдайтын қалалардың басында Стамбул, Анкара, Анталия, Измир, Эрзурум және Ван келеді. Ең көп таңдалатын клиникалық салалардың басында гинекология, офтальмология, кеуде хирургиясы, жалпы хирургия, ішкі аурулар, ортопедия және травматология, медициналық онкология, кардиология, құлақ-мұрын-тамақ аурулары (оториноларингология) және урология бөлімдері келеді. Денсаулық сақтау мақсатты Түркияға келетіндердің едәуір бөлігі шашты трансплантациялау және тіс жасау сияқты эстетикалық немесе пластикалық хирургияға келуде.



Ұқсас жаңалықтар