Стамбул әйелдер мұражайы

Бұларды білетін бе едіңіз?- 30

1802826
Стамбул әйелдер мұражайы

 

2012 жылы 25 қыркүйек күні виртуалды ортада ашылған Стамбул Әйелдер мұражайы Түркияның бірінші әлемдегі үшінші қалалық әйелдер мұражайы ретінде әлемдік стандартқа сай заманауи бір мекеме.  

Әзірге тек онлайн түрде кіруге болатын Стамбул әйелдер мұражайы алғаш әйел каллиграф, бірінші әйел журнал шығарушы, бірінші әйел классикалық батыс музыкасы дирижері сияқты ұмытылған немесе назардан тыс қалған бұрынғы және қазіргі адамдарды еске түсіру арқылы қалалық әйел жадын жасайды.  

Мұражайдың үздіксіз көрмесі б.з.д. 660 жылы «Византион» атымен басталған Стамбулдың көркем және мәдени өмірінде өзінен кейінгі әйелдер үшін «жетекші» рөл атқарған немесе атқарып жатқан әйелдердің өмірбаяндары қамтылған.  

Мұражай сонымен қатар ақпараттық және келіссөздік тұрғыдан мәдени іс-шаралар мен әлеуметтік жауапкершілік жобаларды да дайындайды.  

Түркиядан және әлемнің кез-келген орнынан келушілер кез-келген уақытта, жалғыз өзі немесе достарымен бірге мұражай қызмет көрсететін төрт тілдің ішінен қалағанын таңдап, Стамбул әйелдер мұражайын аралай алады.  

 



Ұқсас жаңалықтар