Салып алып, неге көміп кеткен? Гөбеклитепе, Карахантепе

Анадолының тұңғыштары - 29

1815390
Салып алып, неге көміп кеткен? Гөбеклитепе, Карахантепе

Адамдар жер бетінде пайда болғаннан бастап мәдениеттер мен өркениеттер қалыптаста бастады.  Отты табу,  қарапайым құралдарды жасап шығару,  үңгір қабырғаларына сурет сызумен басталды өркениеттер тарихымыз. Егін егуді үйрену, дөңгелекті ойлап табу, жазуды табу дей келе осы жолдағы жетістіктеріміз жаңа өріске жетті.  Өркениетіміз тарихтан бұрынғы дәуірлерден бастап бір шынжырдың бөлшектері секілді бір-бірімен ұштаса отырып өсті.  Бір өркениет өзінен бұрынғы өркениеттің жалғасы ретінде жасады кейде,  олардың араларындағы ұқсастық пен ықпалдастықтың іздерін көру жеңілдеу. Бірақ сонда да өркениет тарихы бір-біріне көрінбейтін байланыстармен тәуелді.  Сол көрінбейтін байланыстарды түсіну үшін белгілі нәрселерді теріске шығаратын бір оқиға шығуы керек.  Дәл адам баласының «бастауы» деп қабылданған Гөбеклитепенің жарыққа шығуы секілді. Бұдан бұрын кездеспеген ғимараттарымен көрген адамды таңғалдырған 12 мың жасар Гөбеклитепе адам баласы тарихы туралы білетіндерімізді бізге қайтадан тексертті. Гөбеклитепенің құпиясы әлі шешілмей жатқанда осыған ұқсас тағы бір жаңалық ашылады Анадолы территориясында – Карахантепе!

**

Шанлыурфада Гөбеклитепеге бір сағаттық қашықтықта табылды Карахантепе.  Анадолының құпияға толы қәдім тарихын, мәдени байлығын көрсетеді және Гөбеклитепенің жалғыз еместігін дәлелдеді.  Карахантепенің жарыққа шығарылуы ғалымдарды едәуір толқытты. Себебі осы жаңа қазбалар нәтижесінде Гөбеклитепенің де түсінікті болатынын,  тарихқа жарық түсіретінін айтады мамандар. Карахантепеде де Гөбеклитепедегі секілді бағаналар мен обелисктер табылды. Тік тастардың саны 250-ден асады және кейбірінің үстінде Гөбеклитепеде болғаны секілді түлкі және жылан суреттері бейнеленген.  Қазбаларда диаметрі шамамен 23 метрге жететін бір ғимарат жарыққа шығарылды. Ғимаратта бір шеңбер форматында тізілген 12 тік тас пен орталығында қалғандарынан да биік 2 обелиск анықталған.  Бұл ғимаратқа баспалдақ арқылы түсуге болады. Сонымен бірге жартасқа ойылған бір ер адамның басы да табылған.

Гөбеклитепеден 200-300 жылдан кейін салынған Карахантепе.  Оның Гөбеклитепеден ажыратып тұрған ең маңызды ерекшелігі – осы жерде көбіне адам фигуралары мен адам суреттерінің кездесуі.  Мамандар аталарымыздың бұрын өздерін жануарлармен бір көргенін, бірақ арадан өткен 300 жылдық мерзімде бұл пікірдің өзгергенін айтады.  Карахантепедегі адам бейнелері адамдардың өздерін жануарлардан бөліп қарау және ғаламның орталығына қоя бастағанының бір дәлелі ретінде пайымдалады.  Қабылан арқалаған адам мүсіні, жартасқа ойылған адам басы мен басқалары Карахантепеде адамның бетбұрысын көрсету тұрғысынан өте маңызды.

**

Жүргізілген жер бедері зерттеулері мен геомагниттік өлшеулерде Карахантепенің бір-бірінен бөлек төрт бөлімнен тұратыны анықталған.  Дәл Гөбеклитепеде болғаны секілді осы жердің де үсті топырақпен көмілгені және бетінің жалпақ тастармен жабылғаны анықталған. Археологтар осы көму ісінің бір рәсім екенін айтады. Үлкен еңбекпен жасалған, жартасқа ойылған, биіктігі бес метрге жететін осы ғимараттарды аталарымыз неге жасаған? Артынан неге көмген? Осылар туралы нақты мәлімет жоқ. Бірақ осы сұрақ адамның миын жейді.

Карахантепеге 6 км жерде осыған ұқсас ғимараттардың кездесуі Карахантепенің жалғыз еместігін көрсетті. Харбесуван төбесінде де 30 шақты обелиск жарыққа шығарылды. Археологтар неолитикалық дәуірде адамдардың бір себеппен Карахантепеден шығып, Харбетсуван төбесін құрғанын немесе осы жердің Карахантепенің бір серігі екенін айтады. Харбетсуванның да Карахантепе және Гөбеклитепе секілді көшпей тұрып көміліп кеткені мына сұрақты қайта туындатады: Неге?

**

Гөбеклитепеден кейін Карахантепе,  Харбетсуван төбесі деген кезде Шанлыурфада басқа төбелер де табылды. Харран алқабында өте кең жерге орналасқан осы төбелер обеликстермен алға шыққандықтан аймақтың «Тас төбелер» деп аталуына шешім берілген.  Әлемдегі тұңғыш елді мекен және алғашқы әлеуметтік қоғамға мекен болған Тас төбелердің жетеуінде қазба жұмыстары басталды.  Шанлыурфада қайда барсаңыз, сол жерде тарихтың белгісіз кезеңінің бетін ашып беретін бір жаңалық ашылады.  Сондықтан Түркияның ең ірі археологиялық жобасының басталуына шешім берілді.  «Шанлыурфа неолитикалық дәуір зерттеулері» жобасы арқылы адам баласының белгісіз тарихы зерттеледі. Осы жобаға қазірден-ақ көптеген елдің зерттеушілері мен тарихшылары қосылып жатыр.

        **

Адам баласының жүз мыңдаған жылдық дамуында кейбір сәттер мен оқиғалар өркениеттің бағытын өзгертеді.  Осы өзгерістерді мамандар «өркениеттің бетбұрыс кезеңі» деп атайды. Аң аулау және жинақтаушы тұрмыстан отырықшы тұрмысқа және егіншілік пен мал шаруашылығына сүйенетін бір тұрмыс стиліне өту неолитикалық дәуірге дөп келеді.  Осы кезең артынан келетін барлық мәдениет пен бүгінгі өркениеттің негізін қалыптастыратын көптеген жетістіктің итермелеушісі болады. Тақырыптың мамандары сондықтан неолитикалық дәуірді бетбұрыс деп атайды.  Бірінші рет Анадолы жерінде Невали Чориде, артынан Гөбеклитепеде тарих туралы бұрыннан белгілі нәрселер ұмытылды, құпиялар бар екені ашылды.

12 мың жыл бұрынғы аталарымыз биіктігі 5 метрден асатын көптеген обеликс салды,  оларды белгілі бір тәртіппен, шеңбер құсатып орналастырды.  Обеликстерге ою салды,  үстіне жануар және адам фиругаларымен беземелер орнатты. Қалыптастырылған осы мемориалды ғимараттарда құпиясын әлі күнге сақтап келе жатқан кейбір рәсімдер ұйымдастыру үшін бас қосты. Осыншама үлкен және ауыр тастардың мінсіз жинақталуы инженерлік білімі бар екенін көрсетеді,  олардың біз ойлағандай жабайы еместігін де дәлелдейді. Бірақ әлі күнге дейін қай мақсатта және қалай салынғанын білмейміз. Сол секілді неге үстіне топырақ толтырып жауып кеткендерін де білмейміз. Гөбеклитепе, Карахантепе, Харбетвусан төбесі... Қысқаша Тас төбелердің барлығы адамды сиқырлап алады, обелиск бізді құпиясын ашатындай  шақырады, мыңдаған жыл бұрынғыға жетелейді.

Тас төбелерде жүзеге асырылған археологиялық қазбалар мен қазбаларда жарыққа шығарылған туындылар неолитикалық дәуірге тиісті өте құнды деректер ұсынады.  Қазбалар жалғасқан сайын бәлкім шешілмеген құпиялар шешіліп, оларға жаңа құпиялар қосылар. Анадолының құпияға толы қәдім тарихын, адам баласы тарихының ашылмай қалған кезеңін ашып берер.

**

Тарихтан бұрынғы археология тұрғысынан Гөбеклитепенің артынан ең маңызды жаңалықтардың бірі Карахантепені баяндап бердік бүгін.  Қадірлі тыңдаушылар.  Сол кезден қалған маңызды жәдігерлердің бірі Тас төбелері туралы қысқаша сөз қозғадық.



Ұқсас жаңалықтар