Нигде Обрук кілемі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 17-2022

1924437
Нигде Обрук кілемі

Нигде Обрук кілемі

Тіркелу уақыты:  13.12.2017

Түркияның Ішкі Анадолы аймағындағы Нигде қаласының Бор ауданына қарасты Обрук ауылының атымен аталған «Обрук кілемі» Түркияның тоқыма қолөнерінің маңызды үлгілерінің бірі болып табылады. Бор Сауда және Өнеркәсіп палатасының өтініші бойынша 2017 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енген «Нигде Обрук кілемі» өзіне тән төрт бұрышты өрнегімен бірге табиғи бояумен боялған қойдың жүнінен иірілген жіппен тоқылуымен де ерекшеленеді. Ұзақ жылдардан бері үйлерге орнатылған ағаш сөрелерде тоқылған «Обрук кілемі» - аймақтағы Селжук Анадолы мемлекетінің тарихын суреттейтін өрнектерге ие. Әскери, балық және алма үлгілері-кілем тоқуда қолданылатын басты өрнектер. Кілемдер ортасы төртбұрыш пен тік төртбұрыштарға бөлініп, негізгі өрнек, астында қалған бостықтарға тағы геометриялық өрнектер бірінен соң бірі орналастырылған. Астына ақ, сары қызыл, қаракөк немесе көк түс беріледі. Кілемдегі мотивтердің берекет, бақыт, денсаулық, өлім, күнә, көз тию және мәңгілік сияқты тақырыптарды суреттегені байқалады.



Ұқсас жаңалықтар