Чаршамба аяқ киімі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 20-2023

1933486
Чаршамба аяқ киімі

Чаршамба аяқ киімі

Тіркелу уақыты:  09.10.2020

Түркияның Қаратеңіз жағасындағы Самсун қаласының Чаршамба ауданы өзінің пішіні, өндірісі және қолданылуымен өте керемет аяқ киім түріне атын берді. «Жұмыртқа өкшелі Чаршамба аяқ киімі» немесе «Чаршамба аяқ киімі» деген атпен ұзақ жылдан бері өндірілетін аяқ киім түрі Чаршамба Қала әкімшілігінің өтініші бойынша 2020 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылды.

Машинамен емес, толығымен қолмен тігілетін аяқ киім түрінің іші мен сырты сиыр және ешкі терісінен тігіледі, өкшесі ағаштан жасалады. Атын да осы жұмыртқа бейнесіндегі ағаш өкшесінен алады. Жіңішке және ұзын тұмсықты үлгіге ие баусыз аяқ киім тұтас теріден өндірілген кезде жіп қолданылмайды. Аяқ киімнің жұмыртқа бейнелі өкшесінің биіктігі 35 миллиметр болады, ені аяқ киімнің номеріне сәйкес өңдеуден өткен ағаш өкшемен теңшеледі. Өкшесіне басып киюге де болатын «Чаршамба аяқ киімі» ақ түсті шұлық және балағы тар сұрғылт шалбар, жанқалтасы бар камзол және сегіз қырлы кепкамен бірге қолданылады. Бұл киім үлгісі аймақтағы жастардың сәніне айналған.

FOTOĞRAF KODU: TCTÜ- ÇARŞAMBA AYAKKABISI    



Ұқсас жаңалықтар