Ильхам Әлиев Тәжікстанда болды

Еуразия күн тәртібі – 33-2023

1975056
Ильхам Әлиев Тәжікстанда болды

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.

Өткен апта Түркі Республикаларында маңызды сапарлар болды және жиналыстар өткізілді.

Осы жағдайға қысқаша тоқталайық.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 2023 жылы 5-6 сәуір күндері арасында Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды. Тәжікстан президенті Имамали Рахман президент Әлиевті ресми рәсіммен күтіп алды. Кездесулерден кейін екі ел арасында 14 келісімге қол қойылды. Тель-Авивте өкілетті елшілік ашылуына орай Иранның Әзербайжанға құқай көрсеткен мәлімдемелері жарияланған кезде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Тәжікстанға мемлекеттік сапармен баруы назар аударды. Осы күндерден кейін Әзербайжанның ирандық 4 дипломатты «ұнатылмайтын адам» деп жариялағанын да айта кетейік.

Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили 2023 жылдың 7 сәуірінде Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды. Премьер-министр Гарибашвили Бакуде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Кездесуден кейін лидерлер баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Батысқа табиғи газды бірлесіп экспорт еткен Әзербайжан мен Грузия енді Қаратеңіздің астынан электр энергиясын экспорт ету тақырыбын талқылап жатыр.

Сол күні Түріксойға мүше елдер ЮНЕСКО Ұлттық комитеттерінің 9-шы жиналысы Бакуде өткізілді. Түркі әлемінің ресми және бейресми мәдени мұраларының күн тәртіптегі тақырыптары қолға алынған жиналыста Түріксойға мүше елдердің ЮНЕСКО-дағы хатшылығы мен кезекті төрағалық міндеті Түркиядан Әзербайжанға тапсырылды.

2023 жылы 5 сәуірде Татарстанның басшысы Рустам Минниханов Түрікменстанға күндік сапармен барды. Рустам Минниханов сапары аясында президент Сердар Бердімұхаммедов, Халық Мәслихатының төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен жеке-жеке кездесті. Кездесулерде екі жақтылы қарым-қатынастар мен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Рустам Минниханов Түрікменстан президентін мамыр айында өтетін «Ресей-Ислам әлемі: Қазан форумына» шақырды.

2023 жылы 5 сәуірде Түркия Палаталар мен биржалар одағының төрағасы Рифат Хисаржыклыоғлу Түрікменстанға сапармен барды. Рифат Хисаржыклыоғлу Ашхабадта президент Сердар Бердімұхаммедов және Халық Мәслихатының төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхаммедов тарапынан қабылданды. Кездесулерде екі елдің іскерлері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды және Түрікменстандағы шағын және орта дәрежелі іскерлердің мүмкіндіктерін арттыру мен халықаралық аренаға үйлестіруге байланысты тақырыптар көлемді зерттелгені білдірілді.

2023 жылы 7 сәуірде Түрік Сауда және өнеркәсіп одағының «Тұңғыш Жалпы Кеңес жиналысы» Стамбулда ұйымдастырылды. Жиналысқа Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы, Түркия Палаталар мен биржалар одағының төрағасы, Түрік Инвестиция қорының төрағасы, Сауда және өнеркәсіп одағының төрағалары, Түрік Мемлекеттік Ұйымына мүше елдерден делегациялар мен бақылаушылар қатысты. Жиналыста Түрік Сауда және өнеркәсіп одағының жұмыс рапорты ұсынылды. Мүше елдер мен бақылаушы елдерден келген делегациялар Рифат Хисаржыклыоғлун Түрік Сауда және өнеркәсіп одағының төрағалығына, Адем Куланы Бас хатшылыққа сайлады. Жиналыс соңында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Түрік Сауда және өнеркәсіп одағына бақылаушы мүше ретінде қабылданды. Келесі жиналыстың Қазақстанда өтуіне шешім жасалды.



Ұқсас жаңалықтар