Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғалар

Еуразия күн тәртібі – 38-2023

1988148
Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғалар

Бүгінгі бағдарламамызда Түркі Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.

Өткен апта Түркі Республикаларында маңызды сапарлар мен оқиғалар болды.

Енді осы жағдайларға қысқаша тоқталайық.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2023 жылы 7-9 мамыр арасында Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Президент Жапаров сапары аясында Ресей президенті Владимир Путин, премьер-министр Михаил Мишустин, Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко және Дума төрағасы Вячеслав Володинмен кездесулер өткізді. Екі ел арасында Қазан мен Санкт-Петербург қалаларында Қырғызстанның консулдық ашуы туралы келісім жасалды.

9 мамырда Мәскеуде өткен Екінші Дүниежүзілік соғыстың жеңісін еске алу рәсіміне Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары қатысты. Салтанатты шараға президент Жапаровтан басқа басшылардың келіп-келмейтіні соңғы күнге дейін белгісіз еді.

2023 жылы 10-11 мамыр арасында Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды. Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов Тәжікстан президенті Имамали Рахман, премьер-министр Кахир Расулзода, Ұлттық Мәжілістің төрағасы Рустам Имамали, Сенат төрағасы Махмудтаир Зокирзодалармен кездесті. Кездесулер соңында екі ел арасында 23 келісімге қол қойылды. Президенттер Стратегиялық ынтымақтастықты бекемдеу келісіміне де қол қойды. Сапар аясында Тәжікстан мен Түрікменстан бизнес форумы өтті. Сердар Бердімұхаммедов осылайша президент мәртебесімен Тәжікстанға тұңғыш рет барды.

2023 жылы 11 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Чжан Минді қабылдады. Кездесуде Қырғызстанның аталмыш ұйымға мүше елдермен қарым-қатынастары, Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы жобасы талқыланды.

2023 жылы 12 мамырда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Тәжікстан премьер-министрі Кахир Расулзоданы қабылдады. Екі ел басшылары Өзбекстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссияның жиналысына төраға болды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2023 жылы 30 сәуірде ұйымдастырылған Атазаң референдумынан кейін кезектен тыс президенттік сайлаудың өтетінін жариялады. 2023 жылы 9 шілдеде өтуі жоспарланған сайлауда Өзбекстан Либерал партиясы Шавкат Мирзиеевті, Халық демократиялық партиясы Ұлықбек Иноятовты, Жасылдар партиясы Абдушукур Хамзаевті, Әділет Социал демократ партиясы Рабохон Махмудовты үміткерлікке ұсынды.

Ардақты тыңдармандар.

2023 жылы 8 мамырда Ташкентте Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Венгрия География одақтары төрағаларының алғашқы жиналысы өткізілді. Жиналыста Түрік Мемлекеттері Ұйымы География кеңесін құру келісіміне қол қойылды.

2023 жылы 11 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Құбанышбек Өмірәлиевті қабылдады. Кездесуде ұйымның жұмыстары қолға алынды. Түрік Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Бішкекте Қырғызстан Мәжіліс төрағасы Нұрланбек Шакиев, Сыртқы істер министрі Жээнбек Қулубаев, Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиевпен кездесу өткізді.

2023 жылы 12 мамырда Әзербайжанның Шуша қаласында «Шуша-2023 Түркі әлемі мәдени астанасының» беташар рәсімі өткізілді. Рәсімге Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің Мәдениет министрлері мен басқа лауазымдылар қатысты.



Ұқсас жаңалықтар