Кызылырмак және Йешилырмак атыраулары

Капитанның борт журналы - 15

2008509
Кызылырмак және Йешилырмак атыраулары

Кызылырмак және Йешилырмак атыраулары

Анадолының ортасынан өте тамаша бір өзен ағады.  Бұл өзен есімін жылға қойнауының қызыл түсінен алады: Кызылырмак. Кызылырмак Түркия жерінде туындап, осы жерден теңізге құятын өзендердің арасындағы ең ұзыны. Кызылырмак өте көп жол жүреді және өзі өткен жерлеріне жан беріп,  Самсунда теңізге құяды. «Жиһангез» қайығымызбен Түркияның Қаратеңіздегі жағасындағы Самсунды аралап жүріп, бүгін Кызылырмак өзенінен өтеміз. Себебі жағалаудан біраз алыстағанда Кызылырмак арқасында қалыптасқан өзгеше бір әлемде көрсеткім келеді.  Теңізден сәл алыстаймыз,  бірақ сумен етене жақын боламыз.

Алғашқы дәуірлерден бастап адамдар Кызылырмак және төңірегіне қоныстанады. Әлем өркениет тарихына таңбасын басқан көптеген өркениет Кызылырмак өзені жан берген осы территорияда өмір сүрген. Сол өркениеттердің бірі болған хеттер осы өзенге «қызыл өзен» деген мағынаға келетін бір атау береді. Осы өзеннің түрікше аты да хетт тілінде болғандай екі сөзден тұрады. Кызылырмак үстіне бөгеттер құрылғанға дейін тентек ағатын, қойнауына сыймайтын және жылдам ағатын өзен.  Ол соғыстарға, бейбіт күндерге,  мемлекет шекараларының анықталуына куә болған.  Кызылырмак төңірегінде жүргізілген археологиялық қазбаларда көптеген күлтөбе, елді мекен қалдығы табылған.  Осы көркем өзен түрлі өркениеттерге, түрлі кезеңдерге тиесілі жартас қабірлер,  қамалдар және көпірлер мен бұрыннан қалған іздерді бізге жеткізген.

Өркениеттер су жағалауларына құрылады.  Бірақ сол су мен жағалаулары біз адамдардан бұрын басқа жандылардың тіршілік алаңы болады.  Кызылырмак та өте кең аймаққа жайылған атырауымен мыңдаған жандыға мекен. Осы қойнау78 мың шаршы километрлік ауданымен Сербия территориясына тең. Біз бүгін осы қойнаудағы Түркияның ең маңызды табиғи жүйелерінің бірі – Кызылырмак атырауын аралаймыз. Атырау Кызылырмактың он мыңдаған жыл бойы теңізге құм және топырақ тасымалдауы арқылы қалыптасқан.  Құс жұмағы деген атпен танымал дельтада саздық, батпақ алаңдар, ірілі-ұсақты көл мен субасар ормандары бар.  Атыраудың ең назар аударатын құбылыстарының бірі –көлдер мен теңіз арасындағы құмтөбелер.  Құмтөбелер жағалау бойы созылған, олардың биіктігі үш қабатты ғимаратқа тең. Осы алаңдардың әр қайсысында түрлі тіршілік иелері мекендейді.  Осы жердегі ең маңызды жандылар – құстар. Себебі Кызылырмак атырауындағы Құс жұмағы – Түркия құстарының 75 пайызының тіршілік алаңы. Осы алаң кейбір құстардың тұрақты мекені, кейбірі болса жүздеген км ұшып келеді осында. Дельта әлемнің ең маңызды сулы аймақтарының бірі, су құстарының әлемдегі үш көш жолының бірі. Кейбір құстар осында демалып,  жолын жалғастырады.  Кейбірі осында ұя салып,  жұмыртқалайды. Кызылырмак атырауы осы ерекшеліктеріне орай ЮНЕСКО Әлем табиғи мұра уақытша тізіміне енген. Енді Кызылырмак Құс жұмағының ішіне қарай жылжиық және түрлі түсті құнатты, түрлі тұмсықты, кейбірі көл жағасында балық ұстайтын, кейбірі бұтаққа қонған бір-бірінен өзгеше құстарды тамашалайық.

Сулы аймақтар – құрамындағы биологиялық түрлілік себебімен жер бетінің ең маңызды экожүйелерінің бірі.  Айырықша сел суын да жинақтап, тасқындарды бақылауға алады.  Климатқа оң әсер етеді. Балықшылық, егіншілік және туризм секілді секторларда ел экономикасына маңызды үлес қосады.  Енді қайығымыздағы орнымызды алып,  Самсундағы басқа бір маңызды жерге,  Йешилырмак атырауына барамыз.  Кызылырмак секілді маңызды Йешилырмак атырауы – Түркияның маңызды өзендерінің бірі Йешилырмак өзенінің теңізбен бірлескен жерінде. Йешилырмак атырауы теңіз, көл, саздық, құмтөбе және субасар ормандарына бас қостырған. Сондықтан Түркияның маңызды биологиялық алаңдарының бірін қалыптастырады.

Йешилырмак атырауында фотосафариге шығып, табиғатта серуендеп, веловипед тебе аласыз, қармақпен балық аулауға да болады. Сонымен бірге табиғи ортасында құстарды және жабайы жануарларды тамашалау мүмкіндігі де бар.

**

Қайығымыз «Жиһангезбен» бүгінгі сапарымызда қала өмірінде кейде ұмытылатын табиғи алаңдарды аралап, табиғатты бізбен бөліскен жандыларды тамашаладық.  



Ұқсас жаңалықтар