Сакарияның табиғи сұлулықтары

Капитанның борт журналы - 30

2068438
Сакарияның табиғи сұлулықтары

Сакарияның табиғи сұлулықтары

Қайығымыз «Жиһангезге» қош келдіңіз. Шексіз көгілдір түсте,  жаңа бір ротада жылжуды жалғастырамыз. Аспанда аппақ бұлттар, теңізде көбікті толқындар.  Адам теңізде болған кезде тұрмыстың күйбелең тірлігінен алыстап,  арманға шомады. Теңізде болу басқа бір әлемде өмір сүру секілді. Сіз де солай ойлайсыз ба? Сөзді созбай, сізді Сакарияның табиғи сұлулықтарына апарайын. Өткен апта уәде берген едім.  Ал, ендеше Сакарияның өзгеше табиғатын бірге тамашалайық.  Жайлауы, көлі, жайылма (лонгоз) орманы және сарқырамасымен табиғат құмарлардың саяхаты үшін өте ыңғайлы жер. Бұл үшін жағалаудан біраз алыстау керек.

Қайығымызды Сакария өзенінің теңізге құятын жері – Карасуда зәкірлейміз.  Түркияның ең ұзын жағалауы Карасуда.  Осында көптеген пляж бар.  Карасу майда құмымен назар аударады.  Біз уақыт өткізбей Сакарияның табиғи сұлулықтарымен танымал Маден жылғасына жету үшін жолға шығалық. Маден жылғасы есімін осындағы кен қойнауларынан алады.  Османлы мемлекетінің соңғы кездерінде осында қалайы мен цинк секілді кендер шығарылған.  Кен шығару үшін ашылған туннельдер мен кеннің тасымалдануында қолданылған темір жолдарды көрмесек,  бір кездері осында кен шығарылғанына сену де қиын.  Себебі бүгін осы жерде екі жағасы да жап-жасыл ағаштармен қапталған тап-таза жылға ағып жатыр, құс дауыстары жылғаның даусына араласады. Жылға бойымен жылжысақ, алда бір сарқырама да бар. Маден жылғасы адам қолы тимесе табиғаттың өз өзін емдеп, жаңалай алатынының бір айғағы.

Осы адамды сиқырлап алатын жерден шығып, басқа бір керемет жерге келеміз. Бұл жер – Ажарлар жайылма орманы. Ерекше жер.  Орман мен сулы алаң бір-бірімен жапсарлас жатқан, өсімдік және жануар саны жағынан бай бір жер. Ажарлар жайылма орманы – Түркияның біртұтас ең үлкен субасар орманы.  Бұдан бұрын субасар, яғни жайылма орман туралы естімеген боларсыз. Осындай ормандар ерекше жерлер.  Ағынды сулар тасыған құм мен тас су теңізге құятын жерде кедергі қалыптастырып,  су жинала бастайды.  Міне, табаны сумен қапталған осындай жерлер жайылма орман деп аталады.  Жер бетінде Амазон және Конго қойнауы тысында үлкен жайылма субасар орман қалмаған.  Сондықтан осы ормандар қорғауға алынған. Ішінде кейде батпақтар, көлдер және құмдықтар болып қалады.  Керемет экожүйеге ие.  Ажарлар жайылма орманы да қорғауға алынған.  Сондықтан тек шағын бір бөлімін ғана қарауға болады. Тақтайдан салынған бір платформада жүріп, лонгоздың 750 метр жеріне ғана бара аламыз.  Су ішіндегі ағаштарды, ертегідей көрінетін тұңғиық гүлдерін, сирек кездесетін қолшатыр сусагы гүлін және тұқымы азайып бара жатқан түрлерімен жақыннан көрелік.

Осы керемет табиғат құшағында тамаша сурет түсірдіңіз деп ойлаймын.  Енді біз баратын Сапанжа көлі де жылдың әрбір маусымында теңдесі жоқ панорама ұсынады. Кейбір мамандар көлдің бір кездері Түркияның солтүстік батысындағы Мәрмәр теңізінің бір жалғасы екенін айтады. Бес мың жылдық уақытта аймақтағы тектоникалық қозғалыстар себебімен Мәрмәр теңізінен бөлінгенін, тәуелсіз көлге айналғанын айтады.  Яғни Сапанжа көлі -  тектоникалық көл. Көлде ұлттық және халықаралық деңгейде су спорттары жарыстары өткізіледі. Осында серф, желкен және ескек спорттарымен айналысатындарды көруге болады. Сапанжа көлін тек спорт құмарлар ғана таңдамайды әрине. Жұмсақ кұмымен назар аударатын Ұзынқұм пляжында қалағаныңызша жүзіп, каномен саяхаттап, балық аулауға болады.

Бөктер парашюті,  табиғатта серуендеу және түнде шатыр құруды ұнататындар көп таңдайтын Қарагөл жайлауына, қол тимеген табиғаты және көгілдір түсімен Харккөй каньонына баруға уақытымыз қалмады. Оның үстіне Сакарияда көруге татитын табиғи сұлулықтар осы екі жермен де шектеулі емес.  Бір-бірінен керемет көптеген жер бар Сакарияда.



Ұқсас жаңалықтар