Кейінге қалдыру ауру ма әлде тек еріншектік пе?

Ең қызықты деректер - 61

2082244
Кейінге қалдыру ауру ма әлде тек еріншектік пе?

Кейінге қалдыру ауру ма әлде тек еріншектік пе?

Кейінге қалдыру бір ауру секілді көрінетін дәрежеге жетсе де, әлі литературада ауру ретінде аталмайды.

**

Замандас адамның бүгінгі күнгі ең үлкен емтихандарының бірі – кейінге қалдыру.  Қоя тұру. Ал көп адам осындай проблемасы бар екенін де білмейді.

Кейінге қалдыру – бәріміздің өмірінде бар бір әдет. Біз жалпы әрдайым кейінге қалдырсақ, адам өміріне жағымсыз әсер ете бастағанда бұның бір мәселе болғанын байқаймыз. Баршада болатын осы әрекет шамамен 20 пайыз адамда хроникалық күйге келеді.

Ауру ма, еріншектік пе?

Кейінге қалдыру едәуір адамның жеке таңдауы секілді көрінгендіктен көп адам бұл жағдайды жалқаулық деп есептейді.  Алайда бұл қарапайым жағдай емес екені көптеген адамның бірдей шағымдары бар екені анықталғанда белгілі болды.

Кейінге қалдыру бір ауру секілді көрінетін дәрежеге жетсе де, әлі литературада ауру ретінде аталмайды.

Ал неге кейінге қалдырамыз?

Бұған байланысты пайымдар өте көп.  Осылардың басында бір мотивация олқылығы келеді. Мінсіздік іздейтін адамдар жасалуы керек істі толықтай лайықты түрде жасай алмайтынын ойлаған кезде кейінге қалдыру әдісін таңдайды. Бұлардан басқа уақытты жақсы басқара алмау, сәтсіздікке ұшыраймын деп қорқу, алаңдау, зейінді жинақтай алмай және гиперавтив ерекшеліктер мен адамға сай емес іс таңдалуы секілді себептерге байланысты кейінге қалдыру жағдайы байқалады.

Кейінге қалдырумен қалай күресуге болады?

Алдымен осы проблеманы біліп, тануымыз керек.  Артынан дұрыс және ықпалды уақыт басқару әдісін жетілдіруіміз қажет. Созылмалы түрде кейінге қалдыратындар жауапкершіліктерін орындамау үшін әлеуметтік желіні және интернетті қолданады.  Сондықтан әлеуметтік желіде отыратын уақытымызды шектеуіміз қажет.  Айырықша мінсіз болуға талпынуды тоқтату керек.

Кейінге қалдыру проблемасы адамдар арасындағы қарым-қатынастарға, жұмыс пен мектептегі жағдайға әсер ететін болса, онда маман-дәрігерге көріне керек.

Дереккөз - TRT Haber (Kaynak) 



Ұқсас жаңалықтар