Стамбулға жақын демалыс орталығы - Шиле

Капитанның борт журналы - 36

2082249
Стамбулға жақын демалыс орталығы - Шиле

Стамбулға жақын демалыс орталығы - Шиле

Қайығымыз «Жиһанкезге» қош келдіңіз.

Көгілді теңізде сапарымызды жалғастырамыз. Стамбулға күн өткен сайын жақындап келеміз. Ротамызда бүгін Шиле бар.

Шиленің тарихы біздің дәуірімізге дейінгі 7-ғасырға созылады.  Осы шағын елді мекен ежелгі грек кезінен бастап, Рим, Византия және Осман өркениеттеріне мекен болған.  Шиле – бүгінгі күні Стамбулдың бір ауданы. Стамбулдан қоғамдық көліктерге мініп баруға болады. Көптеген адам Стамбулға жақындығы, әрі тыныш демалу мүмкіндігін бергені үшін осы жерді жиі таңдайды.

Шиле шағын,  бірақ осы жерде аралап көруге болатын көп жер бар.  Осында қайығымызды тоқтатамыз. Шиле саяхатымызды алдымызда көрініп тұрған теңіз маягынан бастаймыз.

Шиле теңіз маягы – Түркияның жұмыс істеп тұрған ең үлкен теңіз маягы. Сонымен бірге Еуропаның ең ұзын теңіз маяктарының бірі. Бірінші рет Византия кезінде салынғаны белгілі. Құлағаннан кейін Осман мемлекеті кезінде қайта салынады. Осы тарихи маяктың жарығы ашық ауада өте алыстан көрінеді. Осы ерекшелігімен соғыс кездерінде үлкен рол ойнайды. Шилені жоғарыдан көргісі келетіндер менің артымнан ерсін. Теңіз маягының сатыларынан бірге көтерілейік. 

Осы жерден орталықтағы Шиле қамалына баралық.  Қамал да Византия кезінен қалған.  Осы қамал шабуыл мақсатымен емес, «бақылау қамалы» ретінде салынған.  Осман кезінде де бақылау қамалы ретінде қолданылған.

Енді Шиленің табиғи сұлулықтарын аралауды бастайық.  Аглаян, яғни Жылап тұрған жартасқа барамыз.  Жылап тұрған жартас және жағалауы - Шиленің атақты табиғи сұлулығы. Көгілдір байрақты пляж тар шығанақта орналасқан. Шиледе теңізге түсуге болатын тамаша жерлердің бірі ретінде танымал.  Орталыққа жаяу жетуге болатын қашықтықтағы Жылап тұрған жартас туралы аңызды айтып берейін. Бірін бірі жақсы көретін екі ғашыққа ата-аналары қарсы шыққан соң, жастар осы жартастан секіріп өледі. Міне,  сол кезден бері жартас жылап тұрған көрінеді. Негізінде тастардың арасынан ағып тұрған с осындай көрініске себеп болады.  Қараңыз. Сіз де жартастардың арасынан ағып тұрған суды көресіз. Өзгеше сұлулығымен назар аударатын Кумбаба төбесі пляжына барайық енді. Пляждың қою сары және қызғылт сары түстегі құмдары ревматизм секілді ауруларға пайдалы деп айтылады. Византия кезінде құмда шипа табу үшін пляж «құм моншасы» ретінде қолданылғаны белгілі.

Шиледе көптеген үңгір де бар.  Осы үңгірлердің кейбірінің неолит кезеңінен қалғаны айтылады.  Шығыс Рим империясының қысымынан және зұлымдықтан қашқан христиандар Шиледегі табиғи үңгірлерді паналаған.  Осында өмір сүрген.  Империя болса осы үңгірлердің бірін түрме ретінде қолданып, ұсталған христиандарды осында қамаған. Шиледегі үңгірлердің кейбірінің тіршілікке мекен болып, адамды аман қалғаны,  ал кейбірінің зындап болуы қызық емес пе? Ксенофон, яғни бүгінгі атымен Софулар үңгірі алғашқы христиандар шіркеу ретінде қолданған үңгір.

Спелеотуризммен айналысатындар осы жерге ыңғайлы құрал-жабдықпен кіре аоады.  Түрме ретінде қолданылған Гүрлек үңгірі болса әуесқой спелеотуристер үшін ыңғайлы емес.  Себебі үңгірге кіретін жер едәуір тар және іште әрдайым ағып тұрған су бар.  Бұл су жердің тайғақ болуына жол ашады және тәжірибесі жоқ адамдар үшін қиын, тіпті қауіпті болады.  Сондықтан біх екі үңгірге де кірмей,  тек сырттан қарап кетеміз.

**

Шиленің табиғи сұлулықтарын баяндауымызға үзіліс беріп,  осында тоқылатын бір мата түрі туралы айтқым келеді.  Себебі осы мата Шилеге тән дәстүрлі мата.  Сондықтан Шиле матасы деп аталады.  Шиле матасы қол станоктарында мақта жібінен тоқылады.  Жеңіл, әрі терді емеді. Денсаулыққа жайлы, табиғи мата түрі.  Шиле матасы жуылған сайын ағара түседі және көп жылдар бойы қолдануға болады. Бүгінгі күні адамдардың табиғи материалға бағытталуымен экологиялық және денсаулыққа пайдаоы Шиле матасына деген сұраныс күн санап артып келеді. Осы матадан дәстүрлі түрік нақыштары салынып түрлі киімдер тігіледі.  Заманауи стильдегі киімдер де дайындалады.  Енді осындай өнімдер сатылатын дүкендердің біріне кіріп,  тамаша Шиле матасын жақыннан көрелік. Өзімізге бір көйлек таңдап алармыз.



Ұқсас жаңалықтар