Cуды неліктен ұқыпты пайдалануымыз керек?

Неге десеңіз?-01

2084839
Cуды неліктен ұқыпты пайдалануымыз керек?

Cуды неліктен ұқыпты пайдалануымыз керек?

Түркия үні радиосының жаңа бағдарламасында сіздермен біргеміз. Бір жыл бойы біз күнделікті өмірімізге қатысты  мағынасы жиі қайталанатындықтан кейде ұмытылып, кейді көп еленбейтін мәселеге тоқталамыз. Біз кейбір іс-қимылдарды неліктен жасау керектігін және неге аулақ болу керектігін анықтауға тырысамыз. Кейде біз көз алдымызда тұрған, бірақ көп ойланбайтын тақырыптардың себептеріне назар аударамыз. Сондықтан бағдарламамыздың атын да түрік тілінде себеп-салдар байланысын білдіретін атты таңдадық. Бүгінгі бағдарламамызда  күнділекті өмірімізде қолданылатын суды неліктен ұқыпты пайдалануымыз керектігіне тоқталамыз.

***

Су біздің өмірімізде үлкен орын алады. Бұл ауыспалы мағынада емес, нақты. Біздің денеміздің алпыс пайызы және дүниенің шамамен 70 пайызы судан тұрады. Бүгінгі күнге дейін жүргізілген ғылыми зерттеулер судың сұйық күйінде тек біздің планетада ғана бар екенін көрсетеді. Сол зерттеулер өмірдің тек біздің әлемге ғана тән екенін дәлелдейді. Бұл екі ақпарат бізге судың тіршілікпен байланысын басқа құралдарға жүгінбей-ақ түсінуге жеткілікті.

***

Жер шарының төрттен үш бөлігі судан тұрса да, оның екі жарым пайызы ғана тұщы су. Қалған тұзды су планетамыздағы тіршілік үшін маңызды болғанымен, адамның тіршілігі осы шектеулі тұщы суға байланысты. Күніне шамамен 2 литр су ішпей салауатты өмір сүру мүмкін емес екенін білеміз. Сонымен қатар жақында біз жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетімен дене мен қоршаған орта тазалығының денсаулығымыз үшін маңыздылығын тағы бір рет түсіндік.

Қазіргі әлемде, әсіресе қала өмірінде суға жету өте оңай. Қолдағы бардың қадірін білмеуіміз содан шығар. Кранды ашқан сайын бізде тазартылған, тазалауға жарамды, тіпті кейбір қалаларда ішуге жарамды су бар деп ойлаймыз. Алайда жаһандық климаттың өзгеруінен туындаған құрғақшылық пен жоспардан тыс индустрияландырудан туындаған судың ластануы өзінің кері әсерін көрсете бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымы әлемдегі әрбір үшінші адамның таза ауыз суға қол жеткізе алмайтынын және қазіргі жағдай жалғаса берсе, 2050 жылға қарай алты миллиардқа жуық адам жылына кемінде 1 ай су шектеулі жерлерде өмір сүретінін жариялады.

Мен суды абайлап пайдаланамын. Неге десеңіз? Су өмірімізде өте маңызды.

 



Ұқсас жаңалықтар