Израильдің шабуылдары Газаның климат өзгерісі алдында қорғансыздығын арттыруда

Ең қызықты деректер - 62

2084858
Израильдің шабуылдары Газаның климат өзгерісі алдында қорғансыздығын арттыруда

Израильдің шабуылдары Газаның климат өзгерісі алдында қорғансыздығын арттыруда

Израиль 7 қазан күнінен бері бомбалап жатқан Газада мыңдаған бейбіт халық қаза тауып, аймақтың қиратылуы қоршаған орта мен халық денсаулығы апатын да күн тәртібіне келтірді.

**

Палестина Қоршаған орта үкіметтік емес ұйымдар желісі координаторы Абир Бутмех жаһандық климат дағдарысының әсерлері көп көрінетін Газада осыларға Израиль шабуылдарының қосылғанын, соңғы шабуылдардың ұзын мерзімде маңызды нәтижесі болатынын айтты.

 7 қазан күнінен бері Израиль бомбалап жатқан Газада мыңдаған адам қаза табуда.  Аймақтың қиратылуы қоршаған орта және халық денсаулығы апатын да күн тәртібіне келтірді. Көптеген жылдан бері климат өзгерісі қатты әсер еткен Газа халқы шабуылдар себебімен әсіресе су көздеріне қолжетімділік проблемасымен бетпе-бет қалып отыр.

Газада 1 миллион адам су тапшылығын шегіп отыр.  Су көздерінің көбі Израильдің бақылауында.  Су тазалау базалары  энергия мұқтаждықтары қамдалмағандықтан жұмыс істемей тұр. Климат өзгерісі Израиль шабуылдарымен бірлескен соң егістіктерді кептіреді. Егіншілік пен мал шаруашылығы істері де кедергіге ұшырауда. Су тапшылығына байланысты өнімдер суғарылмай отыр. Қалдық су тазаланбастан теңізге төгілуде.

Қақтығыстар құрғақшылықты арттырады, осылайша түрлі жәндік пен зиянды паразиттердің артуына себеп болады.

Палестина Қоршаған орта үкіметтік емес ұйымдар желісі координаторы Абир Бутмех климат өзгерісі себебімен Палестинаның құрғақшылық және жаңбыр аздығымен арпалысып жатқанын,  ауа температурасының жаз айларында өте жоғары болғанын,  қыстың салқын болатынын айтты.

Бутмех жауын-шашын мөлшерінің соңғы 14 жылда азайғанын,  температура мен жаңбыр мөлшеріндегі өзгерістің де егіншілік өнімдері мен жер асты су деңгейіне әсер еткенін атап көрсетті.

**

Палестиналықтарға екі қауіп төніп тұр: Израиль басқыншылығы мен климат өзгерісі

Соңғы шабуылдардың ұзын мерзімде табиғатқа қатты әсері болатынын тілге тиек еткен Бутмех «Осы әсерлерді топырақта,  суда, теңіз хабитатында,  ауа мен әрине ең маңыздысы адам денсаулығында көреміз.  Қазір Израиль Газадағы су көздерін тоқтатты, Газада ауыз су жоқ» деді.

Бутмех былай деді: «Палестиналықтар екі қауіпте өмір сүруде.  Израиль басқыншылығы мен климат дағдарысы.  Біз Израиль шектемелері жалғасқан сайын климат өзгерісінің әсерлерімен күресе алмаймыз.  Бір палестиналық азамат ретінде климат өзгерісіне үйлесу үшін түрлі шешім келтіруге тырысып жатырмыз.  Палестиналықтар ретінде өз су көздерімізден келген суымыз үшін күресіп жатырмыз.  Осы қиыншылықтарға қарамастан шешім табу үшін жұмыстанудамыз.  Палестинада табиғат әділетіне жету үшін қолымыздан келгенді істеудеміз, бірақ басқыншылық астында климат әділеті де жоқ»

Дереккөз - AA 



Ұқсас жаңалықтар