2023 жылы Түркі Республикалары тұрғысынан маңызды бір жыл

Еуразия күн тәртібі-02

2088115
2023 жылы Түркі Республикалары тұрғысынан маңызды бір жыл

2023 жылы Түркі Республикалары тұрғысынан маңызды бір жыл

Түркі Республикалары арасындағы кәсіби және халықаралық ынтымақтастықты дамытатын одақтар 2023 жылы бірінен соң бірі құрылды. Мысалы 6 наурызда Анкарада ТҮРІКСОЙ Жазушылар одағы, 15 наурызда Алматыда Түркі әлемі өнер университеттерінің одағы, 29 шілдеде Шушада Түркі мемлекеттерінің кәсіподақтар ұйымы құрылды. Одан кейін 5 қазанда Анкарада Түркі әлемі нотариустары одағы, 26 қазанда Түркістандағы Түрік мемлекеттері Бағалаушы қауымдастықтар кеңесі, 6 қарашада Стамбулда Түрік ақпарат агенттіктері одағы, 10 қарашада Самарқандта Түркі әлемінің археологиялық зерттеу институттары мен орталықтары қауымдастығы (ARICA), 10 желтоқсанда Шушада Түркі әлемінің мәдени астаналар қауымдастығы және  25 желтоқсанда Ташкентте Түрік әлемі кино басқармасы қауымдастығы (TÜRKFİLM) құрылды.

***

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Эрсин Татар 2023 жылы Әзербайжан мен Қырғызстанға сапар жасады. Бұл сапарлар Түрік мемлекеттері ұйымына бақылаушы мүше Солтүстік Кипр Түрік Республикасының толықтай танылуы тұрғысынан үлкен маңызға ие.

***

2023 жылы Түрік әлемінің болашағы үшін тағы бір маңызды қадам басылды. 2023 жылы 13-14 қазанда Шуша қаласында өткен ТҮРІКСОЙ-дың 40-шы отырысында Нобель сыйлығының лауреаты ғалым профессор Азиз Санджар Түрік әлемінің мәдени елшісі болып жарияланды.

***

2023 жылы 3 қарашада Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті «Түрік дәуірі» атымен өтті. ТүркПА, ТҮРІКСОЙ, Халықаралық Түркі академиясы, Түрік мәдениеті мен мұрасы қоры, Түрік инвестициялық қоры жыл сайынғы кездесулері мен шараларын арттыруды жалғастыруда.

***

«Түркі әлемінің мәдени астанасы» шаралары жыл сайын жүйелі түрде өткізіле бастады. 2023 жылы Әзербайжанның Шуша қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. 2024 жылы Түрікменстанның Анев қаласы Түркі әлемінің мәдени астанасы болады. Естеріңізге сала кетейік, Астана (2012), Эскишехир (2013), Қазан (2014), Мары (2015), Шеки (2016), Түркістан (2017), Кастамону (2018), Ош (2019), Хиуа (2020) және Бурса  (2022) сынды қалалар бұл атаққа лайық деп танылды. Бағдарламамыздың басында айтқанымыздай, Түркі әлемінің мәдени астаналар қауымдастығы 2023 жылы құрылды.

***

2023 жылы Әзербайжанның Шамахи қаласы Түркі әлемінің туристік астанасы болды. 2024 жылы Қазақстанның Түркістан қаласы Түркі әлемінің туристік астанасы болды.

***

Осы тұрғыда бес-он жыл сайын жарияланатын «Түркі әлемінің ғылым астанасы» жобасының жүзеге асуы Түркі Республикаларының болашағы мен дамуы үшін аса қажет.

 



Ұқсас жаңалықтар