Энергетикадағы 2030 мақсаттары белгілі болды

Энергетика әлемі – 3

2088488
Энергетикадағы 2030 мақсаттары белгілі болды

Энергетикадағы 2030 мақсаттары белгілі болды

«Энергетика әлемі» атты бағдарламамыздың осы бөлімінде энергияны тиімді пайдалану және Түркия мен халықаралық қауымдастықтың мақсаттарын талқылаймыз.

Энергетика ресурстарын тиімді пайдалану әлем күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі. Климаттың өзгеруі, халықаралық дағдарыстар мен ресурстардың күн санап азаюы мұның ең маңызды себептері болып табылады.

Халықаралық қауымдастық энергетика ресурстарын тиімді пайдалану үшін әрекет жасады. Климаттық өзгеріс режимін реттеу мақсатты Париж климаттық келісіміне қол қойылды. Түркия да келісімге тарап болды.

Соңғы мәліметтерге қарағанда көміртегі газының шығарындылары 2022 жылы 36,8 миллиард тоннадан асып, қазірге дейінгі ең жоғары деңгейге жетті. Өткен жылғы шығарынды көлемінің 40 миллиард тоннадан асуы мүмкін деген болжам бар.

Бір зерттеуге қарағанда өткен жылы әлем бойынша ең көп көмірқышқыл газын шығарған ел 30,7 пайызбен Қытай болды. Одан кейін 13,6 пайызбен АҚШ келеді.

Жаһандық көміртегі шығарындыларының 7,6 пайызы Үндістанға, 7,4 пайызы ЕО, 4,4 пайызы Ресейге тиесілі.

Түркияны басқа елдерден ерекшелейтін өте маңызды бір мақсаты бар.

Жасыл даму төңкерісімен 2053 жылы «нөлдік шығарынды көлеміне» жету.

Түркия соңғы 10 жылда жалпы ішкі өнімін 67 пайызға, тұрғын санын 13 пайызға арттырды. Өскен өндіріс және әл-ауқатпен бірге энергетиканы тұтыну да артты.

Жасыл даму мақсатына бағытталған ең маңызды қадам – энергия тиімділігі.

Түркия алғаш ұлттық энергетика тиімділігін арттыру жөніндегі әрекет жоспарын 2017-2023 жылдарға арнап жариялады. Жасыл энергетикаға барлығы 8,5 миллиард доллар инвестиция салынды.

Өндірістен нақты тұтынуға барлық салалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бастапқы энергетика тұтынуда 14 пайыздық үнемдеу қамтамасыз етілді. 70 миллион тонна шығарынды азайтуға қол жеткізілді.

«Нөлдік шығарынды» нысанасымен бірге болса Түркия жасыл даму үшін жоғары сатыға өтті.

Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі де энергетика тиімділігі саласында 2030 жылға дейінгі жол картасын жариялады.

Жол картасына қарағанда Түркияның 2030 жылға дейін энергетика тұтынуды 16 пайызға азайтып, шығарындыларды азайтуға 100 миллион тонна үлес қосуды мақсат етіп отыр. 20 миллиард доллар көлемінде энергетика тиімділігін арттыруға инвестиция салу жоспарлануда.

Дегенмен энергетиканы үнемдеу үшін басылатын қадамдар тек инвестицияға қатысты емес.

2030 жылға дейін қоғамдық ғимараттарда 30 пайызға энергетиканы үнемдеуге қол жеткізіледі. Энергетика тиімділігін арттыру үшін қолданылатын жүйелер мен технологиялар кең тарайтын болады. Ынталандыру арқылы өнеркәсіптегі қалдық жылуды қалпына келтіру жобаларының саны екі есеге өседі. Электр қозғалтқыштары мен жылу сорғыларын пайдалану артады.

Жобаның мақсаттары бағытында жалпы жарықтандыруда 1,2 миллион жарықдиодты шамдар орнатылады. Шығындар мен заңсыздықтардың алдын алу үшін смарт есептегіштердің мөлшері 25 пайызға дейін көтеріледі.

Түркияда қазіргі уақытта шамамен 110 мың мегаватт орнатылған қуаты мен 13 мың 35 электр өндіретін зауыт бар.

2023 жылы қараша айынан бастап, электр өндірісінің 29,8 пайызы су электр қуаты, 23,9 пайызы табиғи газ, 20,5 пайызы көмір, 11 пайызы жел, 10,6 пайызы күн, 1,6 пайызы геотермиялық және 2,6 пайызы басқа ресурстарды пайдалана отырып өндіріледі.

2035 жылынан бастап күн көзінің орнатылған күшінің 53 мың, жел күшінің 30 мың, су электр қуатының 35 мың, геотермиялық және биомасса қуатының да шамамен 5 мың мегаватқа дейін ұлғайтылуы жоспарлануда.

Энергетика тиімділігі аясында басылатын қадам және салынатын инвестициялармен таза энергияны пайдалану қарқынын жалпы алғанда, 70 пайыз деңгейінен асыру көзделуде.

Таза энергетика өндірісі және тиімді пайдалану арқылы көміртегі шығарындыларын 35 пайызға азайту жоспарлануда.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің 2024 жылғы есебіне қарағанда әлемдік жаңартылатын энергетика қуатында шамамен соңғы 30 жылдың ең жылдам өсуі байқалуда.

Өткен жылы әлемде 2022 жылмен салыстырғанда 510 гигаваттпен 50 пайызға одан көп жаңартыла алатын энергетика күші іске қосылды, бұл өсімнің 75 пайызы күн энергиясынан қамтамасыз етілді.



Ұқсас жаңалықтар