Театр біздің өмірімізде әлі де бар

Неге десеңіз?-03

2088303
Театр біздің өмірімізде әлі де бар

Бүгін біз тарихы 3000 жылдан бастау алатын өнер түрі театр туралы сөз қозғаймыз. Арадан соншама уақыт өтсе де, сондай-ақ  кино, теледидар және әлеуметтік медиа сияқты жаңалықтапрдың кең тарағанына қарамастан, театр біздің өмірімізде әлі де бар.

***

Мен театрға барамын, өйткені театрға қызығамын. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Театр жалпы алғанда жеке адамның талғамына қарай өзгереді.  Ең алдымен театр әртүрлі мәдениеттерді түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді. Әртүрлі уақытта қойылған пьесалар көрермендерге әртүрлі мәдениеттерді ашуға және түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар пьесалардың тақырыптары, әсіресе жас көрермендер үшін қызығушылықтың жаңа есіктерін ашады.

***

Көру, есту және эмоционалдық элементтерді біріктіре отырып, театр көрерменге сол кезде ғана болатын тәжірибе береді. Осы таңда жиі кездесетін үйде жалғыз фильм немесе телехикая көруден гөрі сахнада тікелей театр көру тіпті қызықты. Бұл адамдарды біріктіретін және қоғамдастық сезімін нығайтатын әрекет болып табылады. Театр қойылымын көргенде, бір тәжірибені бөлісетін адамдар арасында байланыс қалыптасады. Бұл бізге әдеби шығармаларды оқығанда немесе фильмдерді көргенде  кейіпкерлермен эмпатияны дамытады.

***

Театр сахналық дизайннан костюмдерге, мәтіннен актерлік техникаға дейін көптеген шығармашылық элементтерді қамтиды. Спектакльді тамашалау барысында көрермендердің өз еркімен немесе еріксіз түрде осы элементтердің қалыптасу процесін бақылағанда қоршаған ортаға деген көзқарасы болымды түрде өзгереді. Эстетикалық қабылдаудың артуы адамның өз ісіне деген ұқыптылығын арттыруға әсерін тигізеді.

***

Өнердің мақсаты ойшылдар болғанымен, театрға барудың пайдасына ешкім қарсы шықпайды деп ойлаймыз. Өнер қайраткерлері шығармаларын ұсынып жатқанда пайда іздемейтіні көрерменге пайда тимейді деген сөз емес. Сол себепті бүгін сіздердің назарларыңызға шаттыққа  толы күндер тілейміз.



Ұқсас жаңалықтар