2023 жылы Түркия тұрғысынан қайғылы және сәтті бір жыл  болды

Еуразия күн тәртібі –03

2091110
2023 жылы Түркия тұрғысынан қайғылы және сәтті бір жыл  болды

2023 жылы Түркия тұрғысынан қайғылы және сәтті бір жыл  болды

2023 жылы Түркия тұрғысынан қайғылы және сәтті бір жыл  болды. 2023 жылы 6 ақпанда Түркияда  7,6 және 7,8 балдық  екі қатты жер сілкінісі болды. Екі зілзаланың да ошағы Кахраманмараш облысында тіркелсе де, «Ғасырдың апаты» деп атанған зілзаладан Түркияның 10 облысы  зардап шекті.  Қатты жер асты дүмпулері Сирия, Кипр, Грузия, Абхазия, Армения, Ирак және Ливанда да сезілді. Жер сілкінісінен 50 мыңнан астам адам қаза тапты. Еуразия елдері Түркия үшін барлық ресурстарымен жұмылды. Түркиядағы жер сілкінісіне Еуразияның елдері бей-жай қарамай, іздеу-құтқару топтарын жіберді. Шетелден ең көп құтқарушылар Түркі Республикаларынан келген. Бұл елдерден жиналған көмек ұшақтар және жүк көліктерімен Түркияға жөнелтілді. Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Гагаузия президенттері, Грузия премьер-министрі, Дума төрағасының орынбасары, министрлер Түркия елшіліктеріне барып, көңіл айтты. Әзербайжан, Армения және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері мен Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі жер сілкінісіне байланысты Түркияға келді. Еуразия елдерінің парламенттері жұмысын бастаған кезде Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алды. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің ұсынысымен 2023 жылы 16 наурызда Шушада өтуі жоспарланған Түрік Мемлекеттері Ұйымының кезектен тыс саммиті Түркияға қолдау көрсету мақсатында Анкарада өтті. Саммитке ұйымға мүше және бақылаушы елдердің басшылары қатысты.

***

2023 жылы 25 ақпанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, 2023 жылы 29 наурызда Венгрия президенті Каталин Новак, 2023 жылы 7 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский және 2023 жылы 26 қазанда  Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Түркияға келді. 

***

2023 жылы президент Режеп Тайып Ердоған Еуразияның 5 еліне барды. Президент Ердоған 20 тамыз және 18 желтоқсанда Венгрияға, 12 маусым мен 25 қыркүйекте Әзербайжанға, 4 қыркүйекте Ресей Федерациясына, 2 қарашада Қазақстанға және 8 қарашада Өзбекстанға сапар жасады.

***

Түркия 2023 жылы жалғасып жатқан Ресей-Украина соғысында араағайындық рөлін жалғастырды. Түркия астық дәлізінің жалғасуында, тұтқындар алмасуында және Украинаға көмек көрсетуде көшбасшылық жасады. БҰҰ, G-20 және НАТО сияқты халықаралық саммиттерде Түркия Ресей-Украина соғысын тоқтатуға тырысты.

***

2023 жылы Түркия Республикасының 100 жылдығы  атап өтілді. Бұл мереке Еуразия елдерінде де өтті. Жаппай өндірісі басталған отандық «TOGG» көлігін Түркия Еуразия елдерінің кейбір басшыларына сыйға тартты. Мамыр айында президент болып қайта сайланған Режеп Тайып Ердоғанды ​​Еуразия елдерінің президенттері құттықтады.

***

Оқиғалардан көрініп тұрғандай, Түркия Еуразия елдерімен қарым-қатынасын 2023 жылы жоғары деңгейде жалғастырды. Жоғары деңгейдегі өзара сапарлар жасалды. Барлық салаларда, әсіресе экономика, көлік және қорғаныс салаларында ілгерілеушілік болды.



Ұқсас жаңалықтар