Стамбулдағы Хыдив шағын сарайы

Капитанның борт журналы - 40

2090535
Стамбулдағы Хыдив шағын сарайы

Стамбулдағы Хыдив шағын сарайы

Түркия теңіздерін аралау үшін шыққан сапарымыз бен қайығымыз «Жиханкезге» қош келдіңіз.  Стамбулдың Анадолы жағасындағы саяхатымызды жалғастырамыз. Бұғазда жағалау бойы жылжып, Чубуклу кемежайына қарай жолға шықтық. Бір кездері тарихқа куә болған және жағалау бойы тізіліп тұрған бір-бірінен керемет үйлердің алдынан өтіп барамыз.  Бүгінгі аялдамамыз – барша сұлулығымен бүгінге дейін жеткен, Стамбулдың ең маңызды мәдени мұраларының бірі Хыдив шағын сарайы. Бұғаздың барша көркем панорамасын көрін тұратын осы Хыдив шағын сарайын сіздер де ұнатасыздар деп ойлаймын. Қайығымызды Чубуклу кемежайына қалдырып, Хыдив шағын сарайына қарай жылжиық.

**

Шағын сарай, жеке жай деген мағынаға келетін «касыр» сөзі сарай немесе қамал деген мағынаға келетін бір сөзден шыққан. Османлы мемлекеті кезінде падишалардың қала тысындағы шағын сарайлары да «касыр» деп аталған. Бүгін біз баратын Хыдив шағын сарайы өзгеше,  себебі падишаға тиісті емес. Османлы кезіндегі әкімдердің біріне тиісті. Хыдив шағын сарайын Османлы мемлекетінің Мысырдағы соңғы әкімі салдырады. Хыдив – Османлы мемлекетінің Мысырдағы әкімдеріне берілген атағы. Сондықтан сарай осылай аталады.

Хыдив шағын сарайы әрі сәулет ерекшеліктері,  әрі теңдесі жоқ бұғаз панорамасына байланысты назар аударады. Осы ерекшеліктеріне орай атағы Еуропаға дейін жетеді. Касырды бұғаздың ең биік төбелерінің біріне,  сол кездегі танымал батыстық сәулет стилі мен Османлы сәулеті стилінде итальян сәулетші салады.

Хыдив шағын сарайы өзі салынған дәуірде Стамбулдың ең үлкен раушан гүл бақшасына ие болған. Бұрынғыдай үлкен болмаса да,  сарай қазір де бақшасымен назар аударады. Көктем айларында қызғалдақ, гиацинт және гортензия секілді гүлдер ашатын осы бақша келушілерге тамаша көрініс сыйлайды. Біз де осы тамаша бақшадан өтіп, шағын сарайдың ішіне қадам басалық. Кіре берісте мәрмәр бағаналармен қоршалған және төбеге дейін созылған мемориалды бір бұлар орын алған.  Осы жерден қабырғалары мәрмәрмен қапталған залға өтеміз.  Әйнек есіктер,  бағаналар және алтынмен әшекейленген нақыштарымен көздің жауын алатын зал бұл. Осында да төбеге дейін созылған мозайкасымен керемет бір бұлақ бар. Хыдив шағын сарайы жарық үшін элект қуаты бірінші рет қолданылған касыр болып табылады.  Ғимарат тұпнұсқа «нуво» фарфорларынан жасалған шамшырақ,  айна және виртайларымен бір кездердің салтанатын көрсетеді. Өнер туындысы ерекшелігіндегі бұйымдары және әшекейлерімен Хыдив шағын сарайы бір мұражайға ұқсайды.  Адам бір кездері осында «қандай өмір болған?» деп ойланбай кете алмайды.

Хыдив шағын сарайындағы ең назар аударатын сәулет бұйымы болса ғимараттың мұнарасы.  Себебі Стамбулдағы басқа шағын сарайларда мұнара жоқ. Мұнара өз алдына ерекше нәрсе. Алайда оны одан да ерекшелендіретін тағы бір қасиеті бар. Бұл мұнараның ішінде Стамбулдың бумен жұмыс істейтін тұңғыш лифттерінің бірі бар. Өз дәуірімен салыстырғанда өте люкс деп есептелетін осы лифт бүгін де қолданылады.  Енді, осы лифтке мініп, мұнараға шығалық. Төбесінен керемет бұғаз панорамасын тамашалайық.

 Хыдив шағын сарайы Чубуклу тоғайы немесе Хыдив тоғайы деп аталатын тоғайдың ішіне салынған. Ғасырлық бәйтерек ағаштары мен бұтақтары аспанмен астасып тұрған тал ағаштарымен осы тоғайды да аралап көруге болады.  Тоғай қаланың күйбең тірлігі мен айқай-шуынан қашқысы келетін Стамбул тұрғандары жиі келетін жер. Осы сөзді қазір өзіңіз де түсініп, сезінесіз.  Тоғай тік болса да бұғаздың керемет көрінісі сізге шаршағаныңызды ұмыттырып жібереді. Оның үстіне тоғайда серуендеп жүріп, Византия дәуірінен қалған су арналары және су қоймаларының қалдықтарын да кездестіресіз. Византиядан Османлыға және күнімізге дейін жеткен осы жүздеген жылдық тоғай табиғатта демалу үшін керемет жер.

Бүгінгі саяхатымызды аяқтайтын уақыт келіп жетті. «Жиханкез» Чубуклу кемежайында бізді күтіп тұр.  Бірақ алдымен Халил Этхем үйіне барып кетелік. Бұл жағажай үйі Османлының бас уәзірлерінің бірі және Түркияның тұңғыш кен инженері Ибрахим Этхем паша тарапынан салғызылған. Неоклассикалық стильдегі осы үй - «Тасбақа жаттықтырушысы» атты картинасымен танымал суретші Осман Хамди мырза мен түрік мұражайына үлкен үлес қосқан Халил Этхем мырзалар өмір сүрген жер.



Ұқсас жаңалықтар