Жаңаланатын энергияның жаһандық әлеуеті 3 есе артады

Ең қызықты деректер - 66

2093900
Жаңаланатын энергияның жаһандық әлеуеті 3 есе артады

Жаңаланатын энергияның жаһандық әлеуеті 3 есе артады

Жаһандық деңгейде жаңаланатын энергия әлеуетінің 2030 жылға дейін екі есе арттырылуына қолдау беретін жоспарлан жылдамдады.  Көптеген елдің ұлттық мақсаттарына жетіп қалғаны анықталды.

**

Лондондағы энергия мекемесі «Ember» жаһандық энергия саласы шығарындыларының 90 пайызына дөп келетін 57 ел мен Еуропа Одағының жаңаланатын энергия мақсаттарына сай анализ дайындады. 2022 жылы 3,4 терават болған жаһандық жаңаланатын энергия әлеуеті 2030 жылы 7,3 тераватқа жетеді.

Осы әлеуеттің төрттен үш бөлігінен артығы күн және жел энергиясынан қалыптасады деп көзделіп отыр.

Көптеген ел дәл қазір ұлттық мақсаттары шеңберінде 2030 жылға дейін жаңаланатын энергия әлеуетін екі есеге арттыруды мақсат етіп отыр.

Биыл басшылығын Біріккен Араб Әмірліктері атқарған БҰҰ Климат өзгерісі конвенциясының 28-ші конференциясы (COP28) қарсаңында жаңаланатын энергия әлеуетін үш есеге арттыру үшін шақыру тасталды.

«Ember» компаниясының анализіне қарағанда коллективті ұлттық мақсаттар арқылы жаһандық энергия әлеуетінің үш есеге,  атап айтқанда 2030 жылға дейін 11 тераватқа жетуі үшін 3,7 тераваттық әлеует керек.

**

Бразилия, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірліктері, Австралия, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай және Испания секілді 12 ел 2030 мақсаттарына жету үшін жаңаланатын энергия әлеуеттерін жоспарланғаннан да жылдам қалыптастырып отыр.

Үндістан, Индонезия, Сауд Арабиясы және Венгрия секілді 10 ел жаңаланатын энергия әлеуетін 2030 жылға дейін үш есеге арттыруды көздеп отыр.

АҚШ-ты қосқанда 12 елдің 2030 жылға дейін жел және күн энергиясының қазіргі қуаттағы үлесін 40 пайыздан арттыру секілді мақсаты бар.  Оңтүстік Африка секілді 20 ел 2030 жылға дейін электр өндірісінің 20 пайыздан артығын қазба отындардан жаңаланатын энергияға ауыстыруды жоспарлап отыр.

Осылайша елдердің мақсаттары және жоспарларынан жылдам артқан жаңаланатын энергия әлеуеттері арқылы әлемнің әлеуетінің үш есеге жетуі көзделуде.

Дереккөз - AA



Ұқсас жаңалықтар