«Жұқа қамырлы Конуралп палауы»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 05

2096329
«Жұқа қамырлы Конуралп палауы»

«Жұқа қамырлы Конуралп палауы»

Тіркелген уақыты: 07.05.2021

Түркияның Қаратеңіз жағалауындағы Дүздже қаласында ерекше күндерге арналған палаудың бір түрі бар. Тарихы Османлы мемлекетінен бастау алған «Жұқа қамырлы Конуралп палауы» 2021 жылы Дүздже қаласының ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы басқармасының өтініші бойынша Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді.

Әсіресе үйлену тойы, қасиетті түндер сияқты ерекше күндерде ұсынылатын Жұқа қамырлы Конуралп палауын жасау шеберлікті қажет етеді. Палауды дәмді ететін ең маңызды элемент - сүйек сорпасы. Палауды жасар алдында түнде бұзау сүйектерін жақсылап жуып, салқын суда ұстайды. Содан кейін сүйектерді қазанға салып, майы шыққанша қайнатады. Қайнау процесі аяқталғаннан кейін таза дәкені сүзгінің үстіне салып, сүйек сорпасы барлық шөгінділерінен тазартылады. Екінші жағынан географиялық белгісі бар Конуралп күрішін 2 ас қасық тұз қосылған жылы суда 1-2 сағат ұстайды. Суық суға шайылған күрішке сүйек сорпасы мен кәдімгі суды қосып қайнатады. Біраз уақыттан кейін алдын ала пісірілген ноқат және қайнатылып ұсақталған сиыр еті, тұз және қара бұрышты қазанға қосып қайнатады. Суын сіңіріп алған күрішті ағаш қасықпен ішінен сыртқа қарай өте баяу араластырып, тұндыруға қалдырады. Тұндыру кезінде күріш ыдысы шүберекпен оралады. Бірдей уақытта жұқа қамырын немесе жұқа лаваш нанын жылы суға малынған. Шамамен 30 минуттай тұндырылған күрішті науаға салып, үстіне жұқа қамырын жайып, ыстық күйде ұсыныңыз.



Ұқсас жаңалықтар