Стамбулдың Анадолы жағасындағы Бейкоз

Капитанның борт журналы - 43

2096891
Стамбулдың Анадолы жағасындағы Бейкоз

Стамбулдың Анадолы жағасындағы Бейкоз

Өткен аптадағы сапарымызда теңдесі жоқ бұғаз көрінісіне ие жерлердің бірі Анадолы хисарына барған едік.  Бүгін де Стамбулдың жасылға боянған ауданы Бейкоздамыз. Тоғайлары және оның ішіндегі шағын сарайларымен қаланың қарбалас тірлігінен алыстауға болатын теңіз жағасында бір аудан  - Бейкоз. Уақыт өткізбей Стамбулдың Анадолы жағасындағы Бейкозды аралап бастайық.

Бейкоздағы саяхатымызды Күчүксу шағын сарайынан бастаймыз.  Бұғаздың жағасында керемет бір ғимарат Күчүксу шағын сарайы. Біраздан сіз де көресіз. Бірақ сіздерге алдымен касырлар, яғни шағын сарайлар туралы айтып бергім келеді.  Касырлар, яғни шағын сарайлар Османлы падишаларының демалу мақсатты қолданған шағын ғимараттар. Күчүксу шағын сарайы Күчүксу және Гөксу жылғаларының арасында орналасқан. Мұражай-сарай ретінде келушілерге ашылған касыр теңіз жағасында екі қабатты бір сарай ретінде салынған.  Ғимарат дәстүрлі түрік үйі жоспарын көрсетеді.  Алайда падишалар осында тұрмайтын болғандықтан жатын бөлмесі болмайды. Падиша бұл жерді тек аң аулағаннан кейін демалу үшін қолданған. Түрік сәулет тарихында маңызды орынға ие осы үш қабатты сарайдың құрылысында ағаш материал қолданылған.

Шағын сарайдың көздің жауын алатын сәулеті тек сыртқы көрінісімен шектелмейді.  Ішкі жағы одан да керемет.  Себебі әрбір егжей-тегжейі адамды таңғалдырады.  Шағын сарай Еуропадан сатып алынған жиһаздармен жабдықталған және сіздер де көресіздер, бөлмелерде бір-бірінен құнды өнер туындылары бар. Бұл шағын сарай хрустал жарықтары, кілемдері және ағаштан ою шеберлігімен келушілерін өзіне қайран қылады.

Күчүксу касрында көптеген камин бар.  Бір-бірінен өзгеше дизайны бар,  түрлі түсті итальян мәрмәрімен жасалған каминдер шағын сарайдың ең назар аударатын элементтері арасында орын алады.  Күчүксу касрының назар аударатын басқа бір ерекшелігі болса төбесіндегі оюлар мен әшекейлер. Жоғары қараңыз, не айтқым келгенін сіз де өз көзіңізбен көріңіз. Ғимараттың әрбір бұрышы керемет, бірақ сыртта айтылатын көп нәрсе бар.  Енді бақшасына шығалық. Сіздерге Күчүксу касрының басқа бір ерекшелігін көрсетейін. Касыр Османлы сарайларында болғаны секілді биік қабырғалармен қоршалмаған. Ғимараттың айналасында тек темір қорған бар.  Сол кезде қатынас теңіз жолымен қамдалғандықтан Күчүксу касрының  өз айлағы да бар.

Сарайдың дәл қасында бұрынғы бұғазіші суреттерінде ең көп суреті салынған Михришах Сұлтан бұлағы бар. Осы керемет су ғимараты бүгін де көркемдігін сақтап тұр.

Күчүксу сарайы орналасқан Гөксу және Күчүксу жылғалары арасындағы шалғындар Османлы дәуірінде пикник жасау үшін таңдалады. Батыстық дереккөздерде осы екі жылғаның арасы «Азияның тұщы сулары» деп аталады. Ағылшын жазушы және саяхатшы Джулиа Пардо 1800 жылдардың басында Стамбулға келіп, естелік пен саяхатын «Бұғазішінің сұлулықтары» деген кітабында жариялайды. Гөксуды ұнатқан жазушы аймақты былай сипаттайды: «Сайдың өзі өте керемет. Шалғын қаланың басқа жерінде бұндай мол және балғын емес. Жазда демалыс күні болған жұма күндері әрбір сыныптан азаматтар ағып жатқан жылға, гүлдер, жапырақтар және күнге тамсанады».

Османлы дәуірінде осы аймақта күндіз пикниктер ұйымдастырылып, түнде де Гөксу және Күчүксу жылғаларында қайыққа мініп, ән салынады және айды тамашалайды.  Қазір қайықтармен серуен жоқ, бірақ шалғын жерлері халықтың қолданылуына берілген.

Өнер мен сәулет тоғысқан, адамды ғасырлар бұрынғыға жетелейтін, Стамбулдың бір кездері ең тамаша жері болғаны белгілі Күчүксу шағын сарайын араладық бүгін. Бір кездердің бас тартылмас ойын-сауық алаңы Гөксуға бардық.

Енді қалған уақытымызды осы жап-жасыл алаңда өткізуге қалай қарайсыз?



Ұқсас жаңалықтар