“Ақиқат сыйы” және Ахмед Иүгінеки

Өмірін түрік әлеміне арнағандар - 3

2096895
“Ақиқат сыйы” және Ахмед Иүгінеки

“Ақиқат сыйы” және Ахмед Иүгінеки

Өмірін түрік әлеміне арнағандар атты бағдарламыздың бүгінгі бөлімінде 12-ғасырда жазылған, түрік-Ислам әдебиетінің сирек туындыларының бірі “Ақиқат сыйы”  және оның авторы ақын-жазушы Ахмед Иүгінеки туралы әңгімелеп береміз.

**

Түріктер 11-ғасырда Ислам дінін басымдықпен қабылдаған еді.  Тұңғыш мұсылман түрік мемлекеті атанған Қарахан мемлекеті кезінде Ислами түрік әдебиетінің алғашқы үлгілері бүгінгі күнге жеткен.  Осылардың бірі -   “Ақиқат сыйы”.   Исламиятты жаңа қабылдаған қоғам үшін бұл жаңа нанымды өз тілінде түсіндіру мақсатымен жазылған.  Туындының авторы 12-ғасырда өмір сүрген     туғаннан зағип жан, Қарахан дәуірі түрік ақыны Әдиб Ахмед Иүгінеки. Оның өмірі туралы мәліметтеріміз тым аз. Ақынға байланысты белгілі мәліметтер көбіне өз шығармасы «Ақиқат сыйында» орын алған.  Әкесінің аты – Махмұд. Әдиб Ахмед Самарқанд маңында Жүйнек қаласында туған. Автор туралы дереккөздердің бірі - Әлішер Науаидің туындысы. Бұл шығармада түрік,  діндар және ақылды адам ретінде танымал болғаны,  араб және парсы тілдерін жетік меңгергені,  тәпсір, хадис секілді Ислам ілімдерін білетіні айтылған Әдиб Ахмед Имамы-Азамның шәкірті деп айтылған. Өз кезінде басқа шәкірттерден озып шыққаны айтылған. Алайда бұл мәлімет тарих жағынан қарағанда шындыққа жанаспайды.  Тек халық арасында ғалымның діни білімінің жоғары екенін көрсету үшін айтылған болуы керек. Ақынның кейбір сөздері мен насихаттары халық арасында тілден тілге тарап, 15-ғасырдың аяғына дейін жеткен. Бұл оның түрік халқына әсерін дәлелдейді. Ақынның қашан дүниеге келіп,  қашан қайтыс болғаны туралы мәлімет табылмаған.

«Ақиқат сыйы» - 12-ғасырда жазылған құнды еңбек. Ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырлардың дидактикалық туындысы. Түрік тарихы,  тарих және әдебиет тарихы зерттеулеру үшін маңызды туынды. Туынды 14 тараудан тұрады. Кіріспе тарауында Тәухид, төрт халифаға мақтаудан кейін сол кездің уәзірі Мұхаммед дад Испехсалар мырзаға арналғаны жазылған.  Негізінен туынды 40 шумақ 101 жолда жазылған. «Ақиқат есігі» деген мағынаға келетін туынды адамгершілік пен насихат кітабы болғандықтан хикмет стилінде жазылған. Туындының мазмұнына қарағанда әрбір тарауда жомарттық, туралық, білім, жақсылық, парасат және кішіпейілділік секілді тақырыптар қолға алынған.  Әлемді, Алланы, адамды тек білім жолы арқылы ғана тануға болатынын айтқан осы насихатнаманың бүгінгі күні белгілі бес нұсқасы бар.  Осы нұсқалар - Самарқанд, Айя-София, Топкапы, Фуат Көпрүлү тарапынан таныстырылған, бірақ артынан жоғалып кеткен Узункөпрү нұсқасы және бірінші рет 2019 жылы таныстырылған Голландия нұсқасы.

**

Түркияда осы туындыны қолжазба нұсқаларын салыстырып жариялаған тіл ғалымы Решит Рахмети Арат былай дейді: «Ақиқат сыйы» -  бөлек тараулары, тақырыптарынан да түсінікті болғандай Түрік-Ислам мәдени шеңбері аясында адам баласының тәрбиесі үшін жинақталған негіздердің түрік тілінде өлең ретінде жазылған адамгершілік кітабы. Туындыда пікірлер көбіне аят, хадис және басқа да араб тіліндегі шумақтармен берілген. Автор осында пікір жағынан өз пікірлерінен гөрі белгілі негізгі ойларды тамаша түрік тілінде жеткізген. Туынды жазылғаны болжалған дәуірлерде осы қағидаларды әрі оқырманның жеңілдікпен түсінуі және есте сақтауы стильде ашық тілмен өлең ретінде жариялануы мақсат етілген. Әдиб Ахмедтің осы істі керемет түрде жүзеге асырғаны қабылданады»

Кезінде осы туынды көптеген ақынға шабыт болған. Осы ақындардың ең танымалдары – Ниязи Мысри, Сади Ширази, Мәулана,  Әлішер Науаи. Туындының маңызды ерекшеліктерінің бірі – әрі ақыл және ойлау қабілеті,  әрі иманның тең екенін атап көрсетуі.  Айырықша түркология зерттеулері тұрғысынан Орта Түрік тілі дәуірін ашып беретін үшінші маңызды шығарма екені еш ұмытылмайды.

 



Ұқсас жаңалықтар