Судың күші «жарық» береді

«Энергетика әлемі» - 06

2097395
Судың күші «жарық» береді

Судың күші «жарық» береді

Сіз бір өзеннің жағасында отырғанда, жаныңыздан ағып жатқан судың үйіңізді жарытатын немесе жаңа буын электр көлігіңізге қуат беретінін білетін бе едіңіз?

«Энергетика әлемі» атты бағдарламамыздың осы бөлімінде «энергетика өндірісінде судың маңыздылығы және Түркияның су әлеуетін қорғау мақсатында жүзеге асырылған жобаларды» талқылаймыз.

Түркияның жалпы орнатылған электр қуатының үштен бірін, яғни 32 мың 400 мегаваттық бөлігін Cу электр станциялары (CЭС) қамтамасыз етеді.

Отандық жаңартыла алатын және таза электр энергиясын өндіру әдісі ретінде ерекшеленетін СЭС энергетика өндіру процесінде ешбір қалдық немесе көміртегі шығарындыларын тудырмайды және Түркияның энергия қажеттіліктерін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады.

2002 жылдан бері «Юсуфели су бөгеті» мен СЭС-і, «Ылысу бөгеті» мен СЭС-і, «Деринер» бөгеті мен СЭС-і, «Эрменек бөгеті» мен СЭС-і сияқты жаһандық деңгейде маңызды жобалар іске қосылды.

22 жыл бұрын 45 миллиард киловатт сағат деңгейінде болған жылдық су электр станциясының өндірістік қуаты шамамен 112 миллиард киловатт сағатқа дейін өсті.

Алдында айтқандай, Түркияның жалпы орнатылған электр қуатының үштен бірін, яғни 32 мың 400 мегаваттық бөлігін cу электр станциялары (CЭС) қамтамасыз етеді. Бұл Түркиядағы әрбір үшінші лампаның энергиясын СЭС-тен пайдаланғанын көрсетеді.

Мұндағы мақсат – ресурстарды барынша тиімді пайдалану және болашақ ұрпаққа «энергия саласында толық тәуелсіз бір Түркияны» аманат қалдыру.

«Юсуфели бөгеті» мен СЭС – Түркияның биіктігі 275 метр болатын ең биік су бөгеті. Түркияның ең биік бөгет атағына ие «Юсуфели бөгеті» мен СЭС өз санатында әлемдегі 5-ші биік бөгет болып табылады. Бұл жоба жылдық орташа 1,9 миллиард киловатт сағат болатын электр қуатын өндірісімен Анталия көлеміндегі қала халқына сәйкес келетін 2,5 миллион адамның электр энергетикасы қажеттілігін қамтамасыз ете алады.

«Ылысу бөгеті» мен СЭС-і Түркияның «Ататүрік», «Каракая» және «Кебан» бөгеттерінен кейінгі 4-ші электр станциясы және толтыру көлемі бойынша 2-ші үлкен бөгеті болып табылады.

Іргетасынан бастап 135 метр биіктікке, толтыру көлемі 24 миллион текше метрге және 2 мың 327 метрге ие шың ұзындығымен «Ылысу бөгетінің» алдынғы беті «бетонмен қапталған жыныстарды толтыру бөгеті» түріндегі толтыру көлемі, кеуде ұзындығы және бетон бетінің ауданы тұрғысынан әлемде бірінші орында тұр.

2020 жылдың 19 мамыр күні алғаш электр қуаты өндірісін жүзеге асырған, 2020 жылдың 23 желтоқсан күні толық қуатымен жұмыс істей бастаған нысан бүгінгі күнге дейін 8 миллиард киловатт электр қуатын өндірумен ел экономикасына шамамен 23 миллиард лира үлес қосты.

«Деринер бөгеті» мен СЭС болса 249 метрлік биіктігімен «Юсуфели бөгетінен» кейін Түркияның 2-ші ең биік бөгеті болып табылады және 670 мегаватт орнатылған қуатымен жылына орта есеппен 2 миллиард 118 миллион киловатт сағат электр энергиясын өндіре алады.

Су электр қуатында жаһандық орнатылған қуат рейтингінде Түркия 32 ГВт қуатымен әлемде 9-шы және Еуропада 2-ші орында болса, Қытай 415 мың МВт-пен бірінші, Бразилия 110 мың МВт-пен екінші, АҚШ 102 мың МВт-пен үшінші орында тұр.

Түркияның бөгет инвестициялары электр қуатын өндіру тұрғысынан үлкен мәнге ие, дегенмен бөгет құрылысы тек осы себепті маңызды емес.

Түркияда адам басына шаққандағы судың мөлшерін ескере отырып, су тапшылығы бар елдер қатарында есептеледі.

Болжамдарға қарағанда, бүгін 1 519 текше метр болған адам басына шаққандағы су мөлшерінің 2030 жылы 100 миллион халқы болады деп күтілген Түркияда 1 100 текше метрге дейін төмендеуі күтілуде.

Осы себепті суды тиімді пайдалану мақсатында тағы бір маңызды жобаны жүзеге асыруда.

Сондай-ақ Мемлекеттік су істері басқармасы пайдалануға жарамды су әлеуетін жетілдіру үшін бөгеттер мен тоғандар сияқты қоймаларды салуды тездетеді. Қазіргі уақытта қоймалардың сыйымдылығы 186 миллиард текше метрді құрайды. 2025 жылына дейін бұған тағы 8 миллиард текше метрді қосу нысанаға алынып отыр.

Су шаруашылығы Бас басқармасы да су стресімен күресте белсенді рөл атқарады. «Ауыз суы бассейнін қорғау жоспарларына» қоса су ресурстарын дұрыс пайдалануды жоспарлануы, суды пайдаланатын секторлар арасында әділ және теңгерімді су бөлісуді қамтамасыз етумен су қолданысынан ең жоғары деңгейге пайдалану мақсатымен «Салалық су жеткізу жоспарлары» да дайындалуда.

Түркия бойынша 246 жерасты бөгеті салынуда. Бұл бөгеттер «Жер асты суын толтыру қондырғылары» деп аталады.

Бүгінгі күнге дейін аяқталған су бөгет санының 150-ге жеткені атап көрсетілуде.

Құрылысы аяқталған жер асты бөгеттері 36 мың гектар алқапты суару және 21 миллион текше гектометр ауыз сумен қамтамасыз етті.

Жер асты бөгеттерінде жиналған суды қажет жағдайда жер бетіне шығарып пайдалануға болады. Тұщы судың жер астынан теңізге бекер ағып кетуіне жол бермейді. Тұщы су мен тұзды су араласпайды және әрине буланудың да алдын алады.



Ұқсас жаңалықтар