Жерорта теңізінің шығысындағы энергетика ресурстары

«Энергетика әлемі» - 08

2103882
Жерорта теңізінің шығысындағы энергетика ресурстары

Жерорта теңізінің шығысындағы энергетика ресурстары

Жерорта теңізінің шығысы соңғы кездері энергетика ресурстарының ашылуымен әлем назарын өзіне аударды.

«Энергетика әлемі» атты бағдарламамыздың осы бөлімінде осы тақырыпты талқылаймыз.

2000 жылдардың басында Жерорта теңізінің шығысында көмірсутегі кен орындары бар деген мәліметтер айтыла бастаған кезде, 2007 жылдың 26 қаңтар күні жаһандық дағдарысты тұтандыратын өте маңызды бір оқиға болды.

Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі Жерорта теңізінің шығысында біржақты ерекше экономикалық аймақ жариялады. Барлығына жуығы дау-дамайлы 13 жер телімінде көмірсутек іздеу жұмыстарын бастайтынын мәлімдеді.

АҚШ Геологиялық зерттеулер қызметінің мәліметтері бойынша Жерорта теңізінің шығысында жалпы құны шамамен 1,5 триллион долларды құрайтын 30 миллиард баррель мұнайға тең көмірсутек кен орындары бар. Мұның басым бөлігі болса табиғи газ.

Жерорта теңізінің шығысында көршілес елдер мен халықаралық актерлердің аймақта жүргізген көмірсутек іздеу жұмыстары Жерорта теңізінің шығысындағы энергетикалық теңдеуінде жаңа теңгерімдердің пайда болуына себеп болуда.

Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі мәліметтерді растау үшін Мысыр және Грекиямен де келісімдерге қол қойды.

Алайда бұл қадам жауапсыз қалмады. Анкара «біржақты шешімге» қатаң наразылық көрсетті. «Көк Отан» доктринасы қабылданды. Түркия аймақтағы құқығынан бас тартпайтынын және теңіз жауапкершілік алаңдарын бүкіл халықаралық қоғамға бір «Навтекс» жариялау арқылы паш етті.

Анкара Еуроодақтың қоқан-лоққыларына қарамастан өз талаптарына лайық қадамдар басты. Ливиямен теңіз жауапкершілік алаңы туралы келісімге қол қойылды.

Бұл үдерісте Еуроодақ пен АҚШ понти тарапына жақ болды. Жерорта теңізінің шығысынан газды Еуропаға тасымалдауды мақсат еткен және Түркияны айналып өтетін «EastMed» жобасы жарияланды.

Жобаға қарағанда Жерорта теңізінің шығысынан алынатын табиғи газдың Грекия арқылы Италияға, сол жерден Еуроодақ елдеріне тасымалдануы көзделді.

Жоспарлары жүзеге аспай қалды. АҚШ 30 миллиард еуроға шығынға батқан жобадан қолдауын 2022 жылы басында алып тастады.

Көмірсутек ресурстарына қоса, әрі Сириядағы азаматтық соғыс, әрі Палестина мен Израиль мәселесі Жерорта теңізінің шығысын халықаралық актерлер үшін күрес алаңына айналдырады. Жерорта теңізінің шығысындағы халықаралық суларда көптеген елдің әскери болмысы бар.

АҚШ-тың Жерорта теңізінде орташа калибрлі зеңбірекпен жабдықталған 7 әскери кемесі мен 2 сүңгуір қайығы бар. Жойғыш әскери кемелер 400 «Tomahawks» зымыранын тасымалдайды. Сонымен қатар қанатты зымырандарға қоса сезімтал зымыран тасымалдайтын «В-2» бомбалаушы ұшақтар мен жүздеген «Tomahawks» зымыранын тасымалдайтын «USS Harry S.Truman» әскери кемесі де аймақта жиі жалауын көрсетеді.

АҚШ «USS Porter» және Кипр аралы су айдынындағы «USS Donald Cook» фрегаттары да аймақта үздіксіз жүзеді.

Ұлыбританияның Кипр аралында маңызды бір әскери базасы бар. Осында шабуыл және барлау ерекшелігіне ие «Tornado» әскери ұшақтары мен 6 «Тайфун» әскери ұшағы бар.

Сонымен қатар Жерорта теңізінде әскери шабуылдаушы және ақылды сүңгуір қайық пен «HMS Duncan» әскери кемесінің орналасқан құпия сақталады.

Франция болса «Шарль де Голль» ұшақ тасығыш кемесі және қызмет күшін Жерорта теңізіне жиі жібереді.

Ресей Сирияның Латакия қаласындағы Химеймим базасында ұзақ уақыт бойы әскери болмысын сақтап келеді.

Мәскеудің Жерорта теңізінің шығысында мыңдаған шақырым қашықтыққа ұшатын сүңгуір қайықтарға қарсы зымыран жүйесіне қоса «Адмирал Григорович» және «Адмирал Эссен» фрегаттары бар.

2022 жылдың маусым айында «Жерорта теңізінің шығысы газ форумы» аясында бас қала Каирде Мысыр, Израиль және Еуроодақ арасында табиғи газды тасымалдау және экспорттау үшін үштік келісімге қол қойылды. Бұл келісімді одан әрі кеңейту үшін Израиль Жерорта теңізіндегі «Тамар» кен орнынан Мысырға табиғи газ экспортын арттыруды мақұлдағанын жариялады.

 

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары нені өзгертті?

Газа секторындағы соғыстың Жерорта теңізінің шығысындағы газ кеніштерінің болашақтағы игерілуіне ұзақ мерзімді салдары болады деп күтілуде.

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары Жерорта теңізінің шығысында энергетика қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді.

Еуропаның энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету фактісі Жерорта теңізінің шығысы үшін бір жобаны көзге түсіреді. Бұл бағыттың да Түркия арқылы Еуропаға табиғи газды жеткізуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар