8 Наурыз Әйелдердің халықаралық күні

Бұл күн әйелдердің әлеуметтік және саяси санасын дамытуға және олардың өмірдің барлық салаларындағы жетістіктерін атап өтуге арналған.

1791268
8 Наурыз Әйелдердің халықаралық күні

Бүгін 8 наурыз  Әйелдердің халықаралық  күні...
Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған бұл күн әйелдердің әлеуметтік және саяси санасын дамытуға және олардың өмірдің барлық саласындағы жетістіктерін атап өтуге арналған.
Жыл сайын 8 наурызда әйелдердің тең құқықтары мен жеткен деңгейіне баса назар аударылады, проблемалар, қиыншылықтар, ұмтылыстар тілге тиек етіледі. 
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде әйелдер тең құқылы азамат ретінде өмір сүретінін дәлелдеді. Олар әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси салаларда елеулі табыстарға қол жеткізді. Дегенмен құқықтарды кеңінен пайдалануда әлі де проблемалар жеткілікті. Білімнің болмауы, жұмыста немесе отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырау, кемсітушілік... Әлемнің көптеген елдерінде әлі де бар проблемалар... Біздің елімізде қыздардың мектепке баруы және әйелдердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты толығымен жоюға күш салынуда.
Білімді және өзіне сенімді әйелдер әлемді әр салада жоғары деңгейге көтереді.
Халықаралық әйелдер күні құтты болсын…



Ұқсас жаңалықтар