Түрік Республикаларындағы оқиғалар

Еуразия күн тәртібі –10

2113063
Түрік Республикаларындағы оқиғалар

 

2024 жылы 27 ақпанда Венгрияның Ұлттық Мәжілісі Тамаш Шуйокты елдің жаңа президенті етіп сайлады. 2024 жылдың 5 наурызында Тамаш Шуйок  Венгрияның 7-ші президенті ретінде ант беріп, қызметіне кірісті. Шуйок Венгрияның Конституциялық сотының төрағасы еді. Венгрияның бұрынғы президенті Каталин Новак 2024 жылы 10 ақпанда отставкаға кеткен болатын.

****

Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хурал төрағасы Гомбожавын Занданшатар 2024 жылының 27 ақпанында Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды. Бішкек қаласында Гомбожавын Занданшатар  Қырғызстан Жогорку Кенеши төрағасы Нұрланбек Шәкиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және премьер-министр Ақылбек Жапаровпен кездесті. Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хурал төрағасы Гомбожавын Занданшатар Қырғызстан Жогорку Кенеши төрағасы Нұрланбек Шәкиевті Ұлан-Батырда өтетін Транс-Алтай тұрақты даму диалогы форумына шақырды. Кездесу соңында Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хурал мен Қырғызстан Жогорку Кенеши арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Гомбожавын Занданшатар Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесуі барысында Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің хатын табыс етті. Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров былтыр Моңғолияға ресми сапармен барып, Ұлан-Батырдағы Қырғызстан елшілігі жұмысын бастаған болатын. Президент Жапаров пен Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хурал төрағасы Гомбожавынның кездесуінің соңында екі ел арасында 5 келісімге қол қойылды.

***

2024 жылдың 28 ақпанында Бішкекте Қырғызстан-Түркия бизнес форумы өтті. Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жетекшілігімен өткен форумға Қырғызстан премьер-министрі Акылбек Жапаров пен Түркиядан 60 кәсіпкерден тұратын делегация қатысты. Екі елдің кәсіпкерлері арасындағы келіссөздер нәтижесінде 2,7 миллион долларлық келісімдерге қол қойылғаны айтылды.

***

2024 жылдың 1 наурызында Бакуде Президент Ильхам Әлиевтің қатысуымен Жасыл энергетика кеңесінің 2-ші министрлік жиналысы және Оңтүстік табиғи газ дәлізі кеңесінің 10-шы министрлік жиналысы өтті. Жиынға Албания премьер-министрі Эди Рама, Еуропалық Одақ әкімшілері мен тиісті елдердің министрлері қатысты. Президент Ильхам Әлиев пен Албания премьер-министрі Эди Рама екіжақты кездесу өткізді. Әзербайжан мен Албания арасындағы визалардың жойылғаны жарияланды.

***

2024 жылы 1-3 наурызда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қамқорлығымен «Дағдарыс кезеңінде дипломатияға көңіл бөлу» тақырыбымен 3-ші Анталия дипломатиялық форумы сәтті өтті. Форумға 100-ден астам елден 4 мыңнан астам өкіл қатысты. Форумға Еуразияның барлық елдерінен өкілдер қатысты. Форумға Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Эрсин Татар, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Түрікменстан Ұлттық Кеңесінің Мәслихат төрағасы Құрбанқұлы Бердімұхамедов, Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлері қатысты. Форум аясында көптеген екіжақты кездесу өтті. Режеп Тайып Ердоған мен Құрбанқұлы Бердімұхамедов кездесуінен кейін екі ел арасында 3 келісімге қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар