Экологиялық тұрақтылық тақырыбы университеттердің бәсекеге түскен алаңына айналды

Ең қызықты деректер - 69

2115897
Экологиялық тұрақтылық тақырыбы университеттердің бәсекеге түскен алаңына айналды

Экологиялық тұрақтылық тақырыбы университеттердің бәсекеге түскен алаңына айналды

  Қазақ тіліндегі эфирде ең қызықты деректер бағдарламасының бүгінгі бөлімінде сіздерге экологиялық тұрақтылықтың университеттердегі жағдайы туралы айтып береміз.

**

“UI GreenMetric» Әлемдік жасыл университеттер тізімінде түрік университеттерінің жоғарыда орын алуы үшін есеп жариялаған ғалымдар ұзын мерзімде «жасыл басқару» түсінігі басым болатын оқу орындарының алға шығатынын айтты.

Индонезия Университеті 2010 жылдан бері қоршаған орта, қоғам және экономикалық жағынан тұрақты өмір салтын қабылдап, өз мұқтаждықтарын қамдай алатын, осы салада жетекшілік ететін жоғары оқу орындарын аталмыш жүйеге қабылдайды.

Әлем көлемінде осы салада ең көп қабылданған жұмыстардың бірі осы жүйенің өлшемдері БҰҰ Экологиялық тұрақтылық даму мақсаттары аясында қалыптастырылған негізгі 17 тақырыптағы 6 көрсеткішті негізге алады. Осы дәрежелендіру жүйесіне 2022 жылы әлем бойынша 1050, Түркиядан болса 83 университет қатысты.  2023 жылы әлем бойынша 1183, Түркиядан да 98 университет тізімде орын алды.

**

Осы тізімде биыл Түркиядан қатысқан 98 университеттің тек алтауы алғашқы жүздікке ілікті.  Алғашқы 200 ішіндегі 9 түрік университеті ғимарат және инфрақұрылым, энергия және климат өзгерісі, қалдықтар, су және білім беру тақырыптарында алдынғы жылдан ұпайларын арттырды.

Өткен жылы 47-ші орынға іліккен Стамбул Техникалық университеті биыл критерияларда ең жоғары ұпайды энергия және климат өзгерісі тақырыптарында алды.

Түркиядан екінші жоғары ұпайды тізімнің 63-ші кезегіндегі Йылдыз Техникалық университеті алды. Эрджиес Университеті, Өзйегин Университеті, Эгей Университеті және Йедитепе Университеті Түркиядан алғашқы жүздікке іліккен оқу орындары болды.

2023 жылы тізімге кірген Түркия университеттерінің әсіресе су қолдану және қайта өңдеу тақырыптарында үздік екені, климат өзгерісі критериясында төмен ұпай алғаны көрінеді.

Стамбул Университетінен Бурджу Зейбек бұл туралы «Әлемде көптеген университет енді мықты, брендке айналған мекеме болу үшін әлемді, табиғатты, қоғамды назарға алып жұмыс істеуге салмақ салады. Қоғамдық пайдаға көңіл бөледі. Осы бағытта түрлі құрылымдар құрып жатыр. Жүргізілген жұмыстардың тек ғалымдарға емес, баршаға жетуі керек. Университеттер табысты талапкерлерді тарту үшін бәсекеге түседі.  Енді ұзын мерзімде табиғи ресурстарды ысырап қылмайтын, адамға және қоршаған ортаға зиян келтірмей қозғалуды мақсат ететін, «жасыл басқару» түсінігін қабылдайтын университеттер алға шығады» деді.

Дереккөз - TRT Haber



Ұқсас жаңалықтар