Еуразия  Республикаларындағы оқиғалар

Еуразия күн тәртібі –11

2116299
Еуразия  Республикаларындағы оқиғалар

 

2024 жылы 4 наурызда Болгария Халықтық Жиналысының төрағасы Росен Желязков Әзербайжанға ресми сапармен барды. Желязков Бакуде Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафаровамен және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

***

2024 жылының 4 наурызда Ашхабадта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысының және Орталық Азия Республикаларының қоршаған ортаны қорғауға жауапты министрлерінің жиналысы өтті. Жиында жасыл экономика, трансшекаралық суларды пайдалану, климаттың өзгеруі және апат сияқты мәселелер талқыланды. Одан кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хельга Мария Шмидті Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады.

***

Өткен айда Қазақстан Республикасының жаңа премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылдың 4 наурызында Ресей Федерациясына алғашқы шетелдік сапарын жасады. Премьер-министр Бектенов Мәскеуге жұмыс сапары аясында Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесті. Екі ел арасындағы сауда көлемі өткен жылы рекордты жаңартып, 28 миллиард долларға жетті. Олжас Бектеновтың наурыз айында Өзбекстанға баратыны белгілі болды.

***

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин 2024 жылдың 5 наурызында Әзербайжанға барды. Премьер-министр  Мишустин Әзербайжан премьер-министрі Али Асадовпен кездесті. Мишустинді  6 наурызда президент Ильхам Әлиев қабылдады. Сапар аясында екі ел арасында мәдениет, туризм, тасымалдау және шекаралық қақпаларды дамыту салаларында келісімдерге қол қойылды.

***

2024 жылдың 6 наурызында Гагауз автономиялық аймағының президенті Евгания Гутул Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Евгания Гутул Владимир Путиннен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға көмек сұрады. Гутул бұдан бұрын Мәскеуде Ресей Федералды Жиналысы Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенкомен кездескен болатын. Белгілі болғандай, Евгания Гутулдың Кишинев әкімшілігімен қарым-қатынасы жақсы емес.

***

2024 жылғы 7 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрі Халид Әл-Фалихті қабылдады. Кездесуде Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Кездесу соңында екі ел арасында жел электр станциясын салу туралы келісімге қол қойылды.

***

2024 жылдың 7 наурызында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Валид әл-Хурешиді қабылдады. Кездесуде Қырғызстан-Сауд Арабиясы қарым-қатынасына қатысты түрлі мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Жапаровтың Сауд Арабиясына ресми сапармен баратыны белгілі болды.

***

Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хурал төрағасы Гомбожавын Занданшатар  Қырғызстаннан кейін Венгрияға ресми сапармен барды. 2024 жылғы 7 наурызда Будапештте Гомбожавын Занданшатар   Венгрия Ұлттық Жиналысының төрағасы  Ласло Кевермен кездесті.  Оден  кейін Гомбожавын Занданшатар  Венгрия президенті Тамаш Шуйокпен  кездесті.

***

Баршаға аян, Түрік Республикаларының әлемдік саясаттағы рөлі артып келеді. Моңғолия Түркі Республикаларымен қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеруге бел буған сияқты. Сауд Арабиясының Түрік Республикаларына салған инвестициясы артып келеді. Гагаузияның шетелдегі ең үлкен қолдауы Ресей мен Түркия Республикасы болып табылады. Премьер-министрлердің сапарларынан байқалғандай, Еуразия елдері арасындағы ынтымақтастық жалғасуда.

 



Ұқсас жаңалықтар