Оңтүстік Кавказдағы маңызды  жаңалықтар

Еуразия күн тәртібі –13

2122453
Оңтүстік Кавказдағы маңызды  жаңалықтар

2024 жылы 11 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барды. Бакуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатті рәсіммен қарсы алынды. Екі ел президенттерінің қатысуымен Әзербайжан-Қазақстан Жоғары үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысы өтті. Кездесу соңында екі ел арасында 9 келісімге қол қойылды. Сол күні президент Тоқаев Әзербайжан Ұлттық Мәжілісіне  барып, Мәжіліс төрайымы Сахиба Гафаровамен кездесті. 12 наурызда Әзербайжан мен Қазақстан президенттері Физули қаласына барып, Қазақстан салған Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығын ашты. Бұдан кейін екі ел президенті Шуша қаласына барып, бақылау жұмыстарын жүргізді.

***

2024 жылғы 14-16 наурызда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қамқорлығымен «11-ші Жаһандық Баку форумы» өтті. Форумға 68 елден 400-ден астам өкіл қатысты. Форум аясында президент Әлиев Албания президенті Байрам Бегай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус және Түрік Мемлекеттері Ұйымының  Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырыммен екіжақты кездесулер өткізді.

***

Әзербайжан-Грузия-Түркия сыртқы істер министрлерінің 9-шы үшжақты кездесуі 2024 жылдың 15 наурызында Бакуде өтті. Кездесуде үш елге қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу соңында Баку декларациясына қол қойылды.

***

Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе 16 наурызда Әзербайжанға ресми сапармен барды. Бакуде премьер-министр Кобахидзе президент Ильхам Әлиев және премьер-министр Али Асадовпен кездесті. Естеріңізге сала кетейік, Ираклий Кобахидзе 2024 жылдың 8 ақпанында Грузияның премьер-министрі болып сайланған еді.

***

2024 жылдың 17 наурызында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев НАТО Бас хатшысы Йенс Столтонбергті қабылдады. Кездесуде энергетика, Оңтүстік Кавказдың қауіпсіздігі және аймақтық бейбітшілік мәселелері талқыланды. 18 наурызда НАТО Бас хатшысы Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті.

***

2024 жылы 22 наурызда Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы  Сахиба Гафарова Швейцарияға жұмыс сапарымен барды. Төрайым  Гафарова 148-ші Парламентаралық ассамблеясына, Тәуелсіздер парламенттік желісінің 3-ші конференциясына және Женевадағы Азия Парламенттері Ассамблеясының Үйлестіру кеңесіне қатысты.

***

Оңтүстік Кавказға қатысты барлық келіссөздерде Әзербайжан-Армения бейбіт келісімі күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе ретінде қарастырылуда. Ең соң 2024 жылдың 22 наурызында Әзербайжан мен Армения парламенттерінің төрағалары Женевада бас қосты.

***

Баршаға аян, Баку аймақтық және жаһандық саясаттың маңызды орталықтардың біріне айнала бастады. Күзде Бакуде өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі жақтаушылар конференциясының 29-шы конгресі (COP29) соның айқын айғағы. Әзербайжан-Армения шекарасын анықтау және екі ел арасында бейбіт келісімге қол қою тек Оңтүстік Кавказдың ғана емес, бүкіл Еуразия географиясының дамуына септігін тигізеді.



Ұқсас жаңалықтар