Харезм дәуірі туындылары

Өмірін түрік әлеміне арнағандар - 6

2124319
Харезм дәуірі туындылары

Харезм дәуірі туындылары

«Өмірін түрік әлеміне арнағандар» атты бағдарламамыздың бүгінгі бөлімінде түрік әлемі зерттеулерінде маңызды орны бар Харезм дәуірі және сол дәуірде жазылған туындылар туралы айтып береміз.

**

Бүгінгі күні Өзбекстан және Түрікменстан территориясында орналасқан Харезм 12-ғасырдан бастап мәдениет орталығы болған аймақ.  «Харезм» сөзінің түрік тіліне тиісті бір дәуірді атауы Әлішер Науаидің «Межалису н-Нефаис» атты туындысында ғалым Хүсейін Харезми туралы айтуымен ортаға шықты.  Харезм 11-ғасырдың басында Газнеліктерге қарасты аймақ болатын.  Сол аймақты басқаратындар Харезмшах деп аталды.  Харезмшах әулеті Оғыздардың Бейдили руынан Ануш Тигинмен басталады. Кейбір халық моңғол басқыншылығына ұшыраған осы аймақтан көше бастайды.  Харезм мемлекетін іс жүзінде доғарғандар болса Шыңғыс хан әулеті болатын. Артынан Желаледдин Харезмшах моңғол мен грузиндерді бірнеше рет жеңсе де, мемлекетін бұрынғы күшіне қайта қауыштыра алмайды.  Анадолы селчуктарына қарсы күрескен Желаледдин Харезмшахты ақылы бір әскер өлтіргеннен кейін Харезмшах мемлекеті ресми түрде жойылады.  Осы саяси оқиғалардың нәтижесінде Харезм түріктердің мекеніне айналады.  Қаңлы,  қыпшақ, оғыз руларының аймаққа орналасуымен Харезм түрік тілі пішінге келеді. 12-ғасырда мәдениет орталығына айналады.

Осы дәуірдің тіл ерекшеліктеріне қарағанда,  араб және парсы тілдерінің түрік тіліне әсерінің бара-бара артқанын көруге болады.  Бүгінге күнге дейін жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Харезм дәуірінен қалған туындылар анықталды.  Түрік тілі тарихының беттерінде өз орындарын алды.  Кезекпен қарасақ, Харезм дәуірінің алдынғы қатарлы туындыларының бірі – Земахшери тарапынан жазылған «Мукаддиметю'л-Едеб». «Әдепке кіріспе» деген мағынадағы туынды араб тілін үйренгендер үшін қысқа сөйлемдер және сөздерден қалыптасқан сөздік. Басқа бір туынды да Рабгузи тарапынан 1311 жылы жазылған пайғамбарлардың хиссасын арқау қып алған «Кыссасул-Енбия». «Муинул Мурид» атты туынды болса мүридтің көмекшісі деген мағынаға келеді. Ислам атты ақын тарапынан жазылған, 900 жолдан тұратын туынды.  Кутб атты харезмдік ақын тарапынан жазылған «Хүсрев ү Ширин» атты шығарма да осы дәуірден қалған.  Туындының тақырыбы -  Сасани билеушісі Хүсрев және армян билеушінің қарындасы Шириннің махаббаты. 4370 жолдан тұратын туынды.  Авторы Махмуд бин Али болып табылатын «Жұмақтардың ашық жолы» деген мағынаға келетін «Нехжул Ферадис» атты туынды түрік әдебиетіндегі қырық хадис аудармаларының алғашқы үлгісі.  Туынды төрт тараудан және әрбір тарау он тақырыптан тұрады.  Харезми тарапынан 1353 жылы жазылған «Мұхаббетнама» атты туынды да Харезм дәуірі туындыларының арасында. Түрік әдебиетінде Құран аудармасының басқа бір үлгісі де осы дәуірден.  Тіл ерекшеліктеріне қарай анықталған осы аударманың жалғыз нұсқасы Стамбул Сүлеймание кітапханасында тұр. Туындыны кім жазғаны белгісіз.  Бірақ атынан да түсінікті болғандай діни туынды екені анық «Мираж-наме» Мираж оқиғасын баяндайды.  Сол дәуірге тән бірнеше бұйрық пен хаттар да қолжазбалар әлемнің түрлі кітапханаларында сақтаулы.

Осы туындылар әрі мазмұны,  әрі тіл ерекшеліктерімен түрік тілінің жазбаша тарихында маңызы зор.  Қарахан және шағатай түрік тілінің арасындағы өтпелі қасиетіндегі осы туындылар зерттеулерде жиі кездеседі.  Туындылардың мазмұндары қарастырылғанда,  жалпы дидактикалық мазмұнда діни тақырыптар қолға алынған.  Түрік тілінде жазылуы тұрғысынан туындылар Ислам мәдениетімен қоса түрік мәдениетінің де сақталғанын бізге дәлелдейді.

 

Дереккөз:

1. ERCİLASUN, Ahmet. B. (2004). Başlangıçtan Yirminci Yüzyıla Türk Dili Tarihi. Ankara: Akçağ Yay.

2. KUYMA, Erol, (2015). Harezm Dönemi Türkçesi ve Eserlerine Genel Bir Bakış. Hitit Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü Dergisi. Yıl 8, Sayı 1, Haziran 2015, ss. 367-383

3. ATA, Aysu (2002). Harezm-Altınordu Türkçesi, İstanbul.

4. BAYAT, Fuzuli. (2003). Türk Dili Tarihi. Ankara.



Ұқсас жаңалықтар