Түрік Республикаларындағы  соңғы маңызды жаңалықтар

Еуразия күн тәртібі –18

2134756
Түрік Республикаларындағы  соңғы маңызды жаңалықтар

 

Түрік Мемлекеттері Ұйымының ұйымдастыруымен 2024 жылы 22-25 сәуірде Женевада Түрік апталығы өтті. Түрік апталығында халықаралық түрік ұйымдары түрлі шаралар ұйымдастырды.

***

2024 жылдың 22-27 сәуірінде Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Орталық Азия елдеріне сапармен барды. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Кэмерон Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Моңғолияда болып, осы елдердің президенттері және сыртқы істер министрлерімен кездесулер өткізді. Кесдесулер барысында Ресейге салынған санкциялар, екіжақты экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, Орталық Азиядан жұмысшыларды Ұлыбританияға жіберу, аймақтық қауіпсіздік сынды мәселелер көтерілді. Сапар аясында Қазақстан мен Ұлыбритания арасында стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Дэвид Кэмерон Қырғызстанға, Тәжікстанға және Түрікменстанға барған Ұлыбританияның алғашқы Сыртқы істер министрі болды.

***

2024 жылғы 23 сәуірде Қырғызстан Парламентінің төрағасы Нұрланбек Шәкиев Моңғолияға ресми сапармен барды. Нұрланбек Шәкиев Моңғолия президенті, премьер-министрі және Мемлекеттік Ұлы Хурал төрағасымен жеке кездесулер өткізді. Сапар аясында Қырғыз халқының Шыңғысханмен және оның мұрагерлерімен тарихи байланыстары тақырыбында конференция өтті. Қырғызстан Парламентінің төрағасы Халықаралық Транс-Алтай тұрақтылық диалогына қатысты.

***

2024 жылғы 23 сәуірде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Франция-Орталық Азия» достық тобының президенті сенатор Эрве Моро бастаған француз делегациясын қабылдады. Кездесу барысында Қырғыз-Франция және Франция-Орталық Азия қарым-қатынастары жөнінде пікір алмасылды.

***

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2024 жылғы 24-25 сәуірде Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барды. Президент Жапаровты Бакуде мемлекеттік салтанатпен қарсы алды. Президенттердің төрағалығымен Әзербайжан-Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің 2-ші отырысы өтті. Кездесу соңында екі ел арасында 18 келісімге қол қойылды. Президенттер баспасөз мәслихатын өткізді. Бакуде Әлиев пен Жапаровтың қатысуымен Шыңғыс Айтматов мүсінінің ашылу салтанаты өтті. Сәуірдің 25-і күні президенттер Физули және Агдам қалаларының даму жоспарын орнында қарап шықты. Президенттер Хыдырлы ауылында Қырғызстан тарапынан салынатын мектептің іргетасын қалады.

***

2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше және бақылаушы елдер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті.

***

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 2024 жылғы 25 сәуірде Түркияға ресми сапармен келді. Президент Режеп Тайып Ердоғанның қабылдауында болған премьер-министр Бектенов вице-президент Джевдет Йылмазбен бірге Түркия-Қазақстан үкіметаралық 13-ші бірлескен экономикалық комиссия отырысына төрағалық етті. Сапар аясында Түркия-Қазақстан бизнес форумы өтті.

 

***

Жаңалықтардан көрініп тұрғандай, өткен аптада Түрік Республикаларында маңызды жаңалықтар болды. Дэвид Кэмеронның 6 мемлекетті қамтыған сапарын Ұлыбританияның Орталық Азияда бұдан былай тиімдірек саясат ұстанатынын меңзеген деп түсінуге болады. Моңғолияның Орталық Азиядағы бес мемлекетпен тығыз байланыста болуы және оның аты солармен байланыстыра бастағаны маңызды.



Ұқсас жаңалықтар