Жол салу және жөндеу Рим империясының маңызды саяси және әскери стратегиясы болды

Неге десеңіз?-21

2140804
Жол салу және жөндеу Рим империясының маңызды саяси және әскери стратегиясы болды

Жол салу және жөндеу Рим империясының маңызды саяси және әскери стратегиясы болды. Императорлар империяны кеңейту және тиімді байланыс жасау, сондай-ақ әскери көлік желілерін қамтамасыз ету үшін жол құрылысына үлкен мән берді. Билік басына келген әрбір император кеңейтуге күш салған жол желісі Римнің ұзақ жылдар үкім сүруінің себептерінің бірі болып саналады. Римдіктер салған 200 мың шақырымнан асатын жол торабы Римнен басталып, Ұлыбританияға, бүкіл Батыс Еуропаға, Солтүстік Еуропадағы Швейцарияға, шығыста Анадолыға және Иранға дейін жетеді. Бұл байланыс әскери жорықтар және сауда-саттықты оңай жүргізуге мүмкіндік беріп, мемлекетті күннен күнге гүлдендірді.

***

Рим империясында жолдар тас төсемдермен немесе тұрақтандырылған материалдармен салынған. Бұл жолдар әдетте тегіс және төзімді етіп жасалған. Римдегі жолдар, әсіресе жол жиектерінде биік жабындарымен танымал. Жолдар жүйелі түрде жаңаланып отыратын және Рим армиясында  жол жөндеу үшін арнайы бөлімшелер болған.

***

Әскери және коммерциялық артықшылықтарды қамтамасыз етумен қатар Римдегі жолдар империяның түрлі аймақтары мен қоғамдары арасындағы мәдени өзара әрекеттесуді де жеделдетті. Осы жолдардың арқасында Рим империясының түрлі аймақтарындағы адамдар арасында ақпарат, пікір  және сауда алмасу ағыны қамтамасыз етілді. Ғасырлар бойы үзіліссіз жүзеге асырылған бұл жол салу саясаты империяның әскери қуатын күшейту, басқару және қолдауда маңызды рөл атқарды.

***

Осы жол желісінің арқасында біз жолдардың барлығы империяның астанасы Римге қандай да бір жолмен қосылғанын оңай көре аламыз. Алайда «барлық жолдар Римге апарады» деген сөздің астарында тағы бір себеп бар. Алғаш рет 1175 жылы француз ақыны Ален де Лиль қолданған бұл тіркес біздің заманымыздың 14 жылы қайтыс болған император Августпен тығыз байланысты. Август Римнің және өзінің әлемнің орталығында екенін көрсету үшін астанада тұрғызған белесін барлық жол есептерінің басы деп жариялайды. Шамамен 300 жылдан кейін таққа отырған Константин империяның жаңа астанасы Стамбулда осы тасқа ұқсас Милон тасын тұрғызып, бұл жерді дүниенің орталығы деп жариялайды.


Этикеттер: #әскери , #саяси , #жол , #Рим

Ұқсас жаңалықтар