Түрік Мемлекеттері Ұйымынан мәлімдеме

Түрік Мемлекеттері Ұйымы Қазақстандағы оқиғаларға байланысты ынтымақтастық білдірді.

1758235
Түрік Мемлекеттері Ұйымынан мәлімдеме

Түрік Мемлекеттері Ұйымы Қазақстандағы оқиғаларға байланысты ынтымақтастық білдірді.

Ұйымның мәлімдемесінде: «Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдер Қазақстандағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстандағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа мән беретінімізді атап өтеді, мүше мемлекетіміз Қазақстанмен берік ынтымақтастығымызды білдіреді» деп айтылды.

Ұйымға мүше елдер қазақ халқының парасаттылығына және қалыпты жағдайға оралуға деген ұмтылысына сенім білдіреді. Мәлімдемеде сондай-ақ

"Біз Қазақстан билігінің шиеленісті бейбіт жолмен шешуге және тәртіп пен тыныштықты қалпына келтіруге мүмкіндігі бар деп есептейміз. Біз Қазақстан үкіметі мен халқына қажет болуы мүмкін кез келген қолдауды көрсетуге дайын екенімізді мәлімдейміз» деп айтылды.

Мәлімдемеде сондай-ақ оқиғада қаза тапқандар үшін  көңіл айтылды, зардап шеккендерге шұғыл шипа тіленді.

Қазақстан -  Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстанмен бірге Түрік мемлекеттері ұйымының бес мүшесінің бірі.

Түркіменстан мен Венгрия ұйымның бақылаушы мүшелері қатарында.



Ұқсас жаңалықтар