Татар АҚШ-тың «East-Med» жобасы шешімін бағалады

Татар АҚШ-тың Грекияның «East-Med» жобасына қолдау көрсетуден бас тартуын бағалады.

1762709
Татар АҚШ-тың «East-Med» жобасы шешімін бағалады

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Жерорта теңізінің шығысы табиғи газын Кипр және Түркия арқылы Еуропаға жеткізудің ең жақсы жолы екенін айтты.

Татар EastMed-тің басынан бері экономикалық тұрғыдан дұрыс жоспарланбаған жоба екенін айтып, «Бұл жобаның жүзеге асырыла алмайтыны бастан-ақ белгілі еді. Бұл саяси қадам болды. Біз Кипрде Түркияға қарсы мәміле жасауға мәжбүр емеспіз. Біз осы газды, мына мұнайды, бұл байлықты Еуропаға тасымалдай аламыз деген түсінік қалыптастыруға тырысты» деді.

Жерорта теңізінен Еуропаға баратын табиғи газ желісі үшін ең дұрыс бағытқа назар аударған Татар «Ең бастысы мұндай байлық бір күні шығарылатын болса, оны тікелей Кипрден Түркия арқылы 40 миль қашықтығындағы Еуроодаққа Түркияның қазіргі құбырларымен жеткізу ең дұрыс және практикалық шешім. Осылай болады, басқа амал жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар