Түріксойдан сценарий байқауы

Үздік сценарийлер марапатталады.

1780585
Түріксойдан сценарий байқауы

 

9-шы Халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалі аясында «Yed-i Velaet, 7 Vilayet» атты байқау өткізіледі.  

Байқауда 7 түрік тұлғасының өмірі, хикаялары, шығармалары мен кеңестеріне негізделген қысқа метражды фильм сценарийлері бақ сынайды.

Әзербайжаннан Хусейн Джавид, Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынұлы, Қырғызстаннан Шыңғыс Айтматов пен Токтоболот Абдумомунов, Өзбекстаннан Абдулхамид Сүлейман Чолпан, Түркиядан Сүлейман Челеби және Түркіменстаннан Мақтымкұлы Пырағы туралы көркем әдебиет сценарийлері жарысқа түседі.

Байқауда үздік келген сценарийлер марапатталады.

 Үздік жұмыстарға 3000 лира көлемінде ақшалай сыйлық беріледі және сценарий фильмге түсіріледі.

Байқауға түрік әлемінің ұлы тұлғаларына арналған  әртүрлі тілде және әртүрлі елдерден қысқа метражды фильм сценарийлері қабылданады.

 Өтінімді www.7kisafilm.com және www.7shortfilms.com веб-сайттарынан жіберуге болады.

Байқау үшін өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі - 2022 жылдың 1 мамыры.



Ұқсас жаңалықтар