СКТР-нда жаңа үкімет құрылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында бүгін Суджуоғлу басшылығында жаңа үкімет құрылды.

1782223
СКТР-нда жаңа үкімет құрылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР)Ұлттық бірлік партиясы (ҰБП) төрағасы Фаиз Суджуоғлу басшылығында жаңа үкімет құрылды.

Фаиз Суджуоғлу Ұлттық бірлік партиясы (ҰБП)-Қайта тірілу партиясы (ҚТП) коалиция үкіметі жөнінде келісімге барғанын жариялаған еді. 

Бүгін Суджуоғлу басшылығында жаңа үкімет құрылды.

Ұлттық бірлік партиясы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 23 қаңтарда өткізілген сайлауда дауыстардың  39,54 пайызын жинап, бірінші орынды иелеген еді. 

Сайлауда Республикашыл Түрік партиясы (РТП) 32,04 пайыз, Демократиялық партия (ДП) 7,41 пайыз, Қайта тірілу партиясы (ҚТП) 6,39 пайыз, Халық партиясы (ХП) 6,68 пайыз дауыс жинаған болатын.

Аталмыш көрсеткіштерге қарағанда 50 ​​депутаттан тұратын Республикалық Мәжілісте Ұлттық бірлік партиясы 24 орын, Республикашыл Түрік партиясы 18, Демократиялық партия 3, Халық партиясы 3, Қайта тірілу партиясы 2 орын алды.

 



Ұқсас жаңалықтар