Түркияның кепілгерлігі жалғасады

СКТР президенті Эрсин Татар Түркияның аралдағы кепілгерлігінің заңды екенін мәлімдеді.

1793833
Түркияның кепілгерлігі жалғасады

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар Түркия Республикасының кепілгерлігінің Кипрде заңдылығы мен тарихтан келе жатқан құқығы бар екенін мәлімдеді.

Президент Татар Анталиядағы бір жиналыста сөйлеген сөзінде Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігімен жылдар бойы Кипрде серіктестік орнату үшін келіссөздер жүргізгендерін еске салып, жаңа кезеңде енді федерация туралы сөйлеспейтіндерін, өйткені мұның понтилермен серіктестік деген сөз екенін және солтүстік пен оңтүстіктің бір федералды үкімет ретінде Еуроодаққа қосылуы деген мағынаға келетінін білдірді.

Түркия Республикасы Еуроодаққа мүше болмағандықтан, мұның Кипрден уақыт өте келе толық шығуын білдіретінін баса айтқан Татар «Бұған ешқашан келісе алмаймыз. Өйткені тағдырымыз, өткеніміз бір және серіктес дейтін осынау абыройлы күресте Түркия Республикасымен осы мәселені бірге жалғастырудамыз. Түркия Республикасының кепілгерлігі заңды және тарихтан келе жатқан құқығы бар. Оны міндетті түрде жалғастыру керек. Біздің жанымыз бен мүлік қауіпсіздігімізді, Жерорта теңізіндегі заңды құқықтарымызды қорғау үшін түрік сарбаздарымыздың Кипрде болуды жалғастыруы міндетті. Расында осы Ресей-Украина мәселесі әлемге көрсеткендей егер бір кепілгеріңіз, не болмаса бір қорғаушыңыз болмаса, бүкіл әлем осылай қарап отырады. Олар 1963-64 жылдары Кипрдегі түрік халқының қырғынға ұшырағанына үн-түнсіз қарап отырғандай, қайтадан ұқсас оқиғалар болуы мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар