Фуат Октай Унал Устелді құттықтады

Фуат Октай Түркияның СКТР-ның бейбітшілік, бауырластық, байлық пен тұрақтылығын қолдайтынын тілге тиек етті.

1829379
Фуат Октай Унал Устелді құттықтады

Президенттің орынбасары Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Мәжілісінде сенім дауысын алған Ұлттық Бірлік партиясы, Демократиялық партия және Қайта құру партиясынан тұратын коалициялық үкіметтің премьер-министрі Унал Устелге телефон соғып, құттықтады.

Телефонда Түркияның бұрын болғанындай, бұдан былай да СКТР мен Кипр түрік халқының қасында боалтынын айтқан Октай Түркияның СКТР-ның бейбітшілік, бауырластық, байлық пен тұрақтылықтарын қолдайтынын тілге тиек етті. 

Унал Устел де қысқа уақытта Түркияға сапарлай келуді қалайтынын білдірді.

Оларды Түркияда күтіп алуды қалайтынын айтқан Фуат Октай жаңа құрылған коалиция үкіметіне табыс тіледі.



Ұқсас жаңалықтар